Қ. Тоқаев құқық қорғау органдарының жұртшылықпен өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға шақырды

Парламент Сенатында ІІМ, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарының басшылығының, сондай-ақ адвокаттық және ғылыми қауым өкілдерінің, Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларының қатысуымен «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін одан әрі жаңғырту» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау болды.

Егемен Қазақстан
07.12.2018 7197
2

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушылардың алдында сөз сөйледі. Ол азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету және заң үстемдігін сақтау бойынша жүйелі әрі дәйекті шараларды іске асыру мемлекет үшін алдыңғы қатарлы міндет екенін, бұл Президент Н.Ә. Назарбаев айқындаған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатының маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.

Қылмыстық процестің негіздерін жаңғырту жөніндегі Парламент қабылдаған түзетулер сот-құқықтық реформасының жаңа кезеңге аяқ басуына тың серпін бергенін, сот қызметінің процестік нормаларын жетілдіру және дауларды шешудің балама тәсілдерін енгізу бойынша заң шығару жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Қ.Тоқаев реформалардың алғашқы қорытындылары туралы айта келіп, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шаралары еліміздің түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқандардың санын үш есеге азайтуға мүмкіндік бергенін, сотталғандардың саны бойынша 1990 жылдары 100 мың адам болса, 2018 жылы 35 мыңға дейін азайғанын еске салды. Заң үстемдігі индексі бойынша Қазақстанның көрсеткіші жақсарды, 2017 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 9 орынға көтеріліп, 113 елдің ішінде 64-ші орынды иеленді.

Сенат Төрағасы сонымен бірге құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау сапасы әлі де заман талаптарына толық жауап бере алмай отырғаны туралы пікірін білдірді.

«Негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және қылмыстық сот ісін жүргізудің жазалаушылық сипатының деңгейін төмендету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібіндегі өткір мәселелердің қатарына жатады. Сот шешімдерінің орындалмауы немесе уақтылы орындалмауы әділдіктің үстемдік етуіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ, сот билігімен қатар мемлекеттің де беделін төмендетіп, оларға деген сенімді әлсіретеді», - деді Қ.Тоқаев.

Парламент жоғарғы Палатасының Төрағасы өз сөзінде құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жаңғырту аясындағы міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының халықпен жұмыс барысында жаңа әдістерді қалыптастыру керек. Қызмет көрсетудің сервистік моделі негіз ретінде алынуы тиіс.

Қ.Тоқаев арыз тіркелгеннен бастап сот шешімі шығарылғанға дейін істерді қараудың барлық сатыларын жаппай цифрландыру қажет деп санайды. Цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың орын алуын азайтып, онлайн режимдегі қолжетімді кері байланыс орнатуда шешуші рөл атқарады.

Төраға полицияның және соттың қызметін цифрлық технологиялардың көмегімен бағалау жұмысына азаматтарды кеңінен тартуға шақырды. «Азаматтардың жоғары сенімі мемлекет жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін айқындайтын тікелей көрсеткіш болып табылады. Жалпы жұмыстың сапасы істердің уақтылы және сапалы қаралуы бойынша және азаматтардың талап-тілектерінің тиісті деңгейде орындалуы арқылы бағалануы тиіс», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Төраға одан басқа қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдауда әділдікті қамтамасыз етіп, тәуелсіз және әділ сот жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ сот ісін жүргізудің жеделдігі мен анықтығын арттыруға назар аударды.

Қ.Тоқаев тараптардың өзара бітімге келу мен келтірілген зиянның орнын толтыруы негізінде сот төрелігінің қалпына келтіру сипатындағы, сондай-ақ істі жедел жүргізуге және істі қарау уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа форматтарды келешегі зор бағыттар ретінде атады.

«Азаматтардың  құқық қорғау органдарының жұмысына және соттың әділдігіне сенімсіздікпен қарауына жол беруге болмайды. Мұндай жағдай  қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына теріс әсерін тигізері даусыз», - деді Сенат Төрағасы.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Қылмыспен күрес: талдау, құрылымы, қозғалыс» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, ол ІІМ штаты 10 пайызға азаятынын, жалпы алғанда ішкі істер органдарында 100 мың халыққа 471 полиция қызметкерінен келетін деңгейден 424 полиция қызметкеріне дейін төмендету көзделіп отырғанын айтты. Бұдан былай бірқатар нысандарды күзету міндеті мемлекеттік емес құрылымдарға берілгеннен кейін Қазақстанда 100 мың азаматқа 373 полиция қызметкерінен келетін болады, ол еуропалық қалыпқа сай келеді.

Оның сөзіне орай Қ.Тоқаев құқық қорғау органдарын штат санын қысқарту туралы мәселені байыппен қарауға шақырды. Сенат Төрағасының пікірінше, рейтинг қуалау халық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін, бірқатар еуропалық елдерде, мәселен, Францияда көші-қон ағындарының күшеюі кезінде қылмыстың күрт өсуіне әкеліп соқты. Қ.Тоқаев Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг полиция қызметкерінің санын арттырып, жабдықтарын жақсарту арқылы қалада қылмысты елеулі түрде азайта алғанын айтты.  Швейцарияда да осындай шаралар қабылданған.

Тыңдау барысында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А. Рахметулин, Бас прокурордың орынбасары М. Ахметжанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.Бектенов, Республикалық адвокаттар алқасының өкілі Ә.Құлыбекова, құқықтанушы ғалымдар А.Ахпанов пен М.Қоғамов сөз сөйледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу