Қысқы спорт • 08 Желтоқсан, 2018

Юлия Галышева фристайлдан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль иеленді деп жазады Olympic.kz.

Юлия Галышева фристайлдан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Финалда жерлесіміз 80.17 ұпаймен екінші орын иеленді. Бірінші сатыда франциялық Перрин Лаффон. Ол 82.26 ұпай жинады. Үздік үштікті америкалық Тесс Джонсон қорытындылады.

Сондай-ақ, ерлер арасында сынға түскен Дмитрий Рейхерд бесінші орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, Юлия Галышева 2018 жылдың қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы атанды.