Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2018

Павлодарда «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалына қатысты қылмыстық іс тергелуде

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның облыстық департаментінің мәліметінше, биылғы жылы департаментте жемқорлық қылмыс бойынша 91 істі тергеліпті.

 Павлодарда «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалына қатысты қылмыстық іс тергелуде

Жалпы, 91 істің- 49-ы сотқа жіберілсе,  3 іс тоқтатылған. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Сыбайлас жемқорлықтың   45 пайызы - Екібастұз қаласына тиесілі.

Қалада жылдар бойы мемлекеттік қордағы жер телімдерін заңсыз сатумен айналысқан Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерінің әрекеттері әшкереленген. Олар жер телімдерін 100 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі бағамен заңсыз сатып келген.

Ал, облыс орталығында сыбайлас жемқорлық барысындағы қылмыстарының 41,3 пайызы тіркелген көрінеді. Департамент өкілдері мемлекет қаржысын талан-таражға түсіретіндерге жол бермеу үшін  нақты жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлардың дені-жергілікті атқарушы органдарында- жер қатынастары, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы және құрылыс секторлары салалары бойынша ұсталғандар.  Пара бертіндер саны да көбейген. Заңсыз әрекеттер де аз емес.

Мысалы, «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалының, «Павлодар жол зертханасының» басшылығына қатысты қазір қылмыстық іс жүргізілуде.

Өңірде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  «Астана-Павлодар» автобан құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдардың басшыларынан атқарылған жұмыстар актісіне қол қою барысында пара алды деген күдік бойынша тергелуде.

Облыстық филиалға  бұрынғы басшы Қайрат Кәрібаев қызметінен кеткелі алты айдай уақыт болды, ешкім тағайындала да қоймапты.

Ал,   2015 жылы басталған  «Астана-Павлодар» автобан жол құрылысының биыл да аяқталмайтын түрі бар. Жаңа құрылыс-жол салуда жемқорлыққа  тұншыққан жемқорлардың кесірінен қарапайым халық, жүргізушілер екі арада жол мехнатын көруде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары заңсыздықтардың алдын алу бағытында да атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижесінде кез келген қылмыстық істің әшкере болатынын ескертеді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретте : Астана-Павлодар  жолы аяқталмаған