Әлем • 10 Желтоқсан, 2018

Рентген көмегімен жасалған фотосуреттер көрмесі ашылды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британдық суретші Ник Визи адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және басқа да заттардың рентген көмегімен жасалған фотосуреттері қойылған галерея ашты.

Рентген көмегімен жасалған фотосуреттер көрмесі ашылды

Кейбір заттар жайлы терең білу үшін олардың рентген суреттеріне қарау керек... Автор Ник Визидің айтуынша, мұндай суреттер күтпеген мәліметтерді анықтауға, нысандардың күрделі құрылымын көруге, олардың сұлулығын бағалауға мүмкіндік береді.

«Шын мәнінде, бұл жұмыстар заттың сыртынан ойлап алынған пікірге қарама-қарсы пікір туғызады. Олар көзделген нысанның неден тұратынын көрсетеді. Фотошопсыз, бәрі сот-медициналық сараптамадағыдай шынайы»,  деп түсіндірді суретші.

Оңтүстік Кент графтығындағы Process Gallery галереясында арнайы студия бар. Онда рентген жабдығы бар және келушілер процесс үстіндегі шеберлер жұмысын көре алады.

Ник Визи осы бағыттағы жұмысын өз кроссовкаларына жасалған рентгеннен бастады. Бүгінде оның жұмыстары бүкіл әлем галереяларында, соның ішінде - Виктория мен Альберт Лондон мұражайында көрсетіліп жүр.

© 2018 EURONEWS

Мақаланы аударған Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше