Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыпшақтар мен Қазақ хандығының ежелгі астанасы Сығанақ қалашығында сәулет құрылыстарын қалпына келтіру және цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

Қалашықта археологиялық зерттеулерді Қожахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу орталығы, ал қалпына келтіру жұмыстарын «Қазреставрация» РМК жасап жатыр.

Сонымен қатар, қалашықты ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алдағы уақытта Сығанақ қалашығының шығыс қақпасын үш метрге дейін көтеріп, бұрынғы сәулеттік келбетін қайтаратын болады.

Айта кетсек, Қызылорда облысының аумағындағы ежелгі Сығанақ, Шірік Рабат, Жанкент қалашықтары және түркі тайпаларының бұрынғы астаналарына қажетті сервистік инфрақұрылымдарды жүргізіп, соның негізінде туристік кластер құру жоспарланып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы