Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018

Тіркеу абонент үшін тегін

769 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Байланыс туралы» заңға ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін еліміздің аумағындағы ұялы байланыс абоненттік құрылғылары тіркелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда заң талабы бойынша, ұялы байланыс операторлары тіркеуден өтпеген абоненттік құрылғыларға қызмет көрсетуді тоқтатуға мәжбүр болады.

Тіркеу абонент үшін тегін

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұялы құрылғыларды тіркеу қағидаларын бекіткенін бұдан бұрын жазғанбыз. Талап бойынша Қазақстан Республикасының аумағында роумингте тұрған немесе машинааралық өзара іс-қимыл жа­сауға арналған ұялы байланыстың або­ненттік құрылғыларын қоспа­ғанда, елімізде жасалған және ел аумағына әкелінген, оның ішінде Қазақ­стан­дағы ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркеуден өтуі тиіс.  

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу (қайта тіркеу) үшін оның иесі:

1) ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);

2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;

3) ұялы байланыстың тіркелетін абоненттік құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді ұсынады.

Тіркеу (қайта тіркеу)және тір­кеу­ден алып тастау мерзімі ұялы байланыстың абоненттік құ­рылғысын тіркеу (қайта тіркеу), сон­­дай-ақ тіркеуден алып тастау рәсі­мі келесі мерзімдерде жүзеге асы­ры­лады:

1) жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатқа дейін;

2) заңды тұлғалар үшін 8 жұмыс сағатқа дейін.

Кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ұялы байланыс нөмірін тіркеу олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасалады.

Ал он төрт жасқа дейінгі кә­ме­летке толмағандар (жас балалар) үшін тіркеу олардың атынан заңды өкілдерімен жасалады.

Абоненттік құрылғыларды тіркеу әдістері

1) «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2 және Altel) операторы бойынша:

- оператордың абоненттерімен ЖСН-ді көрсету арқылы 6914 нө­мі­ріне sms жіберу бойынша абоненттік құрылғыны өздігінен тіркеу;

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»