Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018

Төл туындыларымыз Түркия төрінде

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Бурса қаласында еліміздегі айтулы қылқалам шеберлерінің іргелі еңбектерінің басын біріктірген «Ұлы дала рухы» көрмесі ашылды. Бауырлас елдің өнер сүйер қауымына ұсынылған көшпелі көрме Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының мұрындық болуымен шымылдығын түріп отыр. 

Төл туындыларымыз Түркия төрінде

«Ұлы дала рухы» көр­месі көшпенділер мә­де­ние­тінің, қазақтың тұр­мыс дәстүрін, ұлттық ат спор­ты ойындарын, бай әдеп-ғұрыптарының бірегей ерек­шелігін көрсе­теді. Ол қа­зіргі заманғы түр­­кітілдес елдердің бейнелеу өнерін, өткен тарихын, оның аума­ғында болған ежелгі өр­кениеттерді, қазіргі за­­ман­ғы адамзат проблема­ла­­рын рухани ізденістер ар­­­қылы танып білуге жете­лейді.

Түрік көрермендері отан­дық Евгений Сидоркин, Әб­дірашит Сыдыханов, Дулат Әлиев, Ғани Баянов, Бахыт Бапишев сынды өнер шеберлерінің, сондай-ақ Марат Бекеев, Шамиль Гу­лиев, Нелли Бубэ, Ас­қар Ес­дәулет, Алмагүл Мең­лі­баева, Андрей Нода, Гүлжа­мал Тагенова, Алпыс­бай Қазығұлов және Вячес­лав Люй-Ко сияқты зама­науи суретшілердің шығар­машылығымен таныса алады. Көрме коллекциясы 32 кескіндемелік және графи­калық туындыны қамтыған.

Музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева атап өткендей: «Көрме Қа­зақ­станның заманауи өне­рінің кең стилистикалық әртүрлілігін, ұлттық бояуы мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсете отырып, көрнекі түрде ұсынады. Ә.Қастеев атындағы өнер му­зейі шетелдік көрме­лер­ді әр түрлі елдерде ұйымдастыру арқылы, қазақ өнерін халық­аралық деңгейге көтеріп, әлем халықтарын төл мәде­ниетіміз, тарихымыз бен бейнелеу өнеріміздің тереңіне үңілуге шақырады». 

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ