Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда ауданның жаңа әкімі тағайындалды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов  актив жиынында Тайынша ауданының жаңа әкімін таныстырды.

Солтүстік  Қазақстанда ауданның жаңа әкімі тағайындалды

Президент Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмi бойынша облыс әкімінің өкiмiмен Тайынша ауданының әкiмi қызметiне Турков Иван Иванович тағайындалды. Оған жалақыны өсіру, мал шаруашылығын дамыту, әлеуметтік мәселелерді жақсарту  секілді бірқатар міндеттер жүктелді.

И. Турков 1976 жылы туған, Қазтұтынушыодағының Қарағанды экономикалық университетiн, «Фемида» заң академиясын қаржы менеджерi, заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Красноармейск есеп айырысу орталығының операторы болып бастаған. 1996–1997 жылдары Красноармейск ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, 1997–2007 жылдар аралығында Тайынша қаласындағы «Апако» АТАО экономика, болжау және қаржы қызметiнiң маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, салық комитетiнiң бас маманы, Тайынша ауданы бойынша салық комитетiнiң бөлiм бастығы болып қызмет атқарған. 2007–2014 жылдары Тайынша ауданы әкiмiнiң орынбасары, Тайынша ауданының әкiмi, Тайынша ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметiнде болған.

2014 жылдан бастап осы күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі болып істеген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы