Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылды

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайынша ауданында орналасқан «Зеленые луга» ЖШС-і заманауи сүт фермасын пайдалануға берді.

Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылды

Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған нысанда облыс әкімі Құмар Ақсақалов болып, еңбек ұжымымен кездесті.

«Биыл Қазақстанда заманауи 10 сүт-тауарлы фермасы ашу белгіленсе, оның төртеуі біздің өңірде бой көтереді. Алда жылына 3-4 сүт фермасын құру міндеті тұр. Сөйтіп ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі.  Сүт-қашанда үлкен сұранысқа ие өнім», деп атап өтті Құмар Іргебайұлы.

Тұтастай алғанда, облыста 7 заманауи сүт-тауарлы фермасы салынуда.  Іссе қосылса, жылына қосымша 17 мың тонна сүт өндіру мүмкіндігі бар.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы