Футбол • 11 Желтоқсан, 2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың кандидатурасы УЕФА-ның Атқару комитетінің мүшелігіне ұсынылды. 

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

Айтулы ұйымның ресми сайтында УЕФА-ның Атқару комитетіндегі 10 орын үшін жеті адам таласқа түседі. Олар – Андрей Павелко (Украина), Қайрат Боранбаев (Қазақстан), Элведин Бегич (Босния мен Герцеговина), Шандор Чаньи (Венгрия), Арманд Дука (Албания), Фернанду Гомеш (Португалия), Борислав Михайлов (Болгария), Йеспер Меллер Кристенсен (Дания), Луис Рубиалес (Испания) және Давор Шукер (Хорватия). Чаньи, Гомеш, Михайлов және Шукер осы қызметке қайта сайланғалы отыр. УЕФА-ның ережесіне сай осы ұйымдағы бір орын әйел адамға берілуге тиіс. Сол себепті де франциялық Флоранс Ардуэн баламасыз негізде қайта сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА-ның конгрессі келесі жылдың 7 ақпанында Италияның астанасы – Римде өтеді. Атқару комитетінің мүшелігіне сайланғандар сол қызметті төрт жыл атқарады.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»