Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

1206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атауы өзгерген көшелердің ішінде бұрынғы Кутузов пен Ленин көшелері де бар. Еліміздегі ономастика комиссиясының шешімімен  Ленин көшесі Астана, Кутузов көшесі Тәуелсіздік даңғылы деп өзгертілді.

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

Осы жылдың тамыз айында Елбасы Жарлығымен Лебяжі ауданы Аққулы ауданы, Качир ауданы Тереңкөл ауданы болып қайта аталды

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, алдағы жылы да өңірде мәдениет саласында, тіл, ономастикалық мәселелерге қатысты осындай бірқатар жұмыстар атқарылады.

Бірақ, атаулары  өзгерген 72 көшенің басым көпшілігі -аудан орталықтарында, шағын ауылдарда.

Облыс орталығында  елдік-мақсат-мүддеге сай өзгеретін көше атаулары  да аз емес.

Қазір облыс орталығындағы Суворов көшесіне Малайсары батырдың,  Айманов-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы көшеге Баян батырдың есімін беру жөнінде ұсыныстар  қолдау табуда.

Өткеніне оралар жер-су, ауыл, қала  атаулары барын да ескерелік.

Ал, бұл күндері  Железин ауданының Железин №3 орта білім беру мектебіне Міржақып Дулатұлының, Екібастұз қаласының М. Глинка атындағы балалар музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімдерін беру туралы шешім шығарылды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР