13 Желтоқсан, 2018

«TeleBingo» – апта сайын миллионер

630 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар әр апта са­йын миллиондар ұта алады. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторының кез келген адам миллионер атана алатын жаңа «TeleBingo» лотерея ойыны арқылы еліміздің тұрғындары осындай бірегей мүмкіндікке ие болады!

«TeleBingo» – апта сайын миллионер

Ол үшін бар болғаны 300 теңге тұратын лотерея билетін сатып алып, әр сенбі сайын сағат 20.00-де «7 арнаны» тамашалау жеткілікті.

Қатысушыларды 100 000 теңгеден басталатын ақшалай жүлделер күтеді, ал Bingo кепілді ұтыс мөлшері бір миллион теңгені құрайды! Оған қоса саяхат, тұрмыстық техника, электроника және ең бастысы автомобиль түріндегі сыйлықтарды ұтып алуға болады.

Сонымен қатар 40-шы жүріспен қоса алғанда барлық шарлардың сәйкес түсуі арқылы «SuperBingo» болатын жаңа ұғым енгізілді. «SuperBingo» сомасы 50 000 000 теңгені құрай­тын болады, ал «TeleBingo» жүлде қоры – 55,5%.

Лотерея билеттерінің сатылымы 10 желтоқ­санда басталды, ал алғашқы тікелей телеэфир 22 желтоқсанда көрсетіліп, жеңімпаз сол кезде анықталатын болады.

«Біз бәріміз осы күнді тағатсыздана күттік, біз әр апта сайын миллионер анықта­латын «TeleBingo» ойынын іске қосамыз.

Әр жетінші тираждан кешіктірмей мульти­мил­­лионерді анықтайтын боламыз. Бинго ойы­нын бәрі біледі, бәрі ұнатады. Біз «Телемас­тер­ская­да­ғы» серіктестеріміздің көмегімен ойын үлгі­сін то­лы­ғы­­мен өзгерттік, бұл жай ғана тираж емес, «TeleBingo»-ны тамашалап, лоте­рея­ға қаты­су үшін қазақ­стан­дықтардың кешке жи­на­лып қарай­­тын қызықты отбасылық шоу бола­тынына сенімдіміз.

Біздің бірлескен жұмысымыздың арқа­сын­да Қазақстанда бақытты да дәулетті адам­дар­дың саны көбейе түседі. Оған қоса, әр тиражда «Еліміздегі ең жолы болғыш адам» ойынының финалына қатысатын бағы бар адам анықталатын болады», деп бөлісті «Сәтті Жұлдыз» АҚ прези­денті Александр Тен.

«TeleBingo» ойынының қағидасы көпшілікке таныс – бинготроннан сандар жазылған шарлар түседі, олармен сәйкестік болған жағдайда өз сый­лығыңды алуға болады. 1-ден 90-ға дейін нөмір­ленген шарларды қолдану арқылы 7 тур өткізіледі.

 «Біз дүние жүзі бойынша көптеген «Бинго» ойындарын зерттеп шықтық. Алайда үлгіні сатып алуға тұрарлық ешкім болмады. Сатып алғымыз келмейді де. Біз «Бинго» ойынының бірегей технологиясын және «Еліміздегі ең жолы болғыш адам» телешоуын жасадық», дейді Александр Тен.

Еске сала кететін болсақ, 22 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00-де «7 арнадан» ойынды тамашалап, оған қатысуға болады, ал лотерея билеттері 10 желтоқсаннан бастап сатылымға шығарылды.