Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Қазақстан жастар құрамасы Канаданың жергілікті клубын жеңді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Виктория университетінің «Vikes» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Аталған матч қазақстандықтардың айқын басымдығымен аяқталды деп хабарлайды Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Қазақстан жастар құрамасы  Канаданың жергілікті клубын жеңді

Кездесу 6:2 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Артур Гатиятов, Самат Данияр, Давыд Макуцкий, Олег Бойко, Саян Данияр және Айдос Жорабектер көзге түсті. 

KAZAKHSTAN U20 – VIKES 6:2  (2:0, 1:0, 3:2)

1:0 – Гатиятов (Данияр См.) -03:51

2:0 – Данияр См. (Данияр Сн.) -16:26

3:0 – Макуцкий (Данияр Сн., Данияр См.) -36:37

3:1 – Голдмен – 45:16

4:1 – Бойко (Гусейнов, Сайко) – 53:44

5:1 – Данияр Сн. (Гатиятов, Макуцкий) -55:11

5:2 – Мэтчек – 58:50

6:2 -  Жорабек (Макуцкий, Тарасов) -58:54

Еске сала кетейік, бұл күндері хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.