Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда орта білім беретін мекемелердің «Ұстаз Мәртебесі – Ұлт Мерейі» қалалық байқауының қорытындысы бойынша үзлдіктер марапатталды.

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

Ұстаздар арасында мұндай байқау өткізудің бастамашысы - «Туған жер» бағдарламасы аясында оқу мекемесін салып берген жергілікті кәсіпкер Мұрат Әділханов.

Қаланың жүзден астам ұстаздары қатысқан байқауда  №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова Алматының «Үздік мұғалімі» атанып, жеңімпазға №168 мектепте салтанатты түрде жаңа көліктің кілті тапсырылды. №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілсе, бірқатар ұстаздарға дипломдар мен 500 және 300 мың ірі теңгелік сертификаттар табыс етілді.

Мемлекет басшысының қолдауы арқасында Алматыда 117 оқу орындары салынды. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру мегаполисте 37%-ға немесе 27 млрд. теңгеге өсті. Қазіргі кезде білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Тек биылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Осындай мәліметтермен бөліскен қала әкімі  әкімі Бауыржан Байбек жеңімпаздарға сәт-сапар тіледі.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ