Таным • 14 Желтоқсан, 2018

Жеңіске жетелейтін асқақ рух

513 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әрбір қазақ баласының өмірі ауылмен астасып жатқаны анық. Ауылда тудық, ауылда өстік. Заманның қиын­шы­­лық кезеңдерін де басымыздан өткердік. Арман қуып, оқуға аттандық. Білім әлеміне аяқ басқан жылдарда жаңа бір әлемнің көкжиегі ашылып, спортпен айналысуға мүмкіндік туды. Осылайша үздіксіз жаттығулар мен ізденістер мені спорттың биік шыңына шығарды.

Жеңіске жетелейтін асқақ рух

Міне, осы тұста Қазақ елі­нің абыройын асқақтататын ма­ңыз­ды сәттер туды. Одақтас он бес республика жастарының іші­нен озық шығып, әлем бір­ін­­­ші­­лігіне бару кеудемде мақта­ныш отын лаулатып, тө­бемді көк­­­ке жет­кіз­гендей болды. Отыз жасқа таяған ша­ғым­да Олим­­пиада чем­пионы атану – өзім­ді ғана емес, қаз­ақ халқын әлем­­­ге танытатын ер­­екше бір әсерлі кезеңдер еді. Міне, осы­лай­ша спорттың ауыр салма­ғын арқалай жүріп, үлкен меже­лер­ді бағындырып, өз ісімнің кәсіпқойы атандым. 

Өмірімнің өткен күндерін осы­лайша еске ала отырып, бү­гі­нгі қазақ жастарында арман жоқ деп ойлаймын. Жаңа тех­но­­­ло­гиялар қарыштап да­мы­­ған заманда білім алуға да, жұ­мыс істеп, елге пайда әке­луге де мүмкін­дік көп-ақ. Ал­дымызда асы­­мыз, басымыз­да бас­пана бар, жұмысты таң­дап істейтін дәре­жедеміз. Осы ба­қы­ты­мыз­ды ұзағынан сүйіндірсін дегім келе­ді. Күні кеше Кеңес одағы ыды­рап, жеке-дара мемлекет болып, Тәуелсіздігімізді алған сәтті жанарларға жас тола қарсы ал­ғанымыз шындық. Міне, содан бері де жиырма жеті жыл сыр­ғып өтіпті... 

Қазақ елінің азаматы ре­тін­де­гі жеке тәжірибеме келетін болсам, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдыр­ған төрт түлікті дамыту шаруа­шылығына бет бұрғаныма жиыр­ма жылдан асып­ты. Осы уақыт ішінде жас кү­німде меңгерген ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласының мамандығы алдағы өміріме азық болғаны анық. Бүгінде Қазақ­­станда өнді­ріл­етін таби­ғи өн­ім­дерге Еуропа, Азия, Орталық Азия елдері зор қы­зы­ғу­­шылық танытып отыр. Әсіресе табиғи ет, сүт өнім­де­рі­не сұраныс артып келеді.

Қазіргі кезде өзім еңбек етіп жүрген «Жақсылық» шаруа-қо­жа­­­лы­ғындағы бес мыңнан аса ірі қара және жылқы малын өсіру­мен 70-тен аса адам айналы­са­ды. Өнімдеріміз Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Ауылды көтерсек деген ниетпен Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында 100 бала тәрбиеленетін балабақша, 200-ден аса бала жаттығатын спорт кешенін, жас отбасыларға арнап 50 баспана тұрғыздық. 

Өткен жылы Елбасының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алып тұрған сәтте ауыл­дарды көтеруге байла­ныс­ты өзімнің арманымды жеткіз­ген едім. Бүгінде үлкен спорт­та жетістікке жетіп, кейін­­нен мемлекеттің игілігі жолында еңбегін жалғасырып, пост­кеңес­тік елдерде Еңбек Ері деген атаққа жеткен Олимпия ойын­дары­ның және де әлемнің екі дүркін чемпионы Петр Киров, Олим­пия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, тоғыз дүркін әлем чемпионы Александр Каре­лин­мен үшеу екенбіз. Мұны айтып отырған себебім, елі­мізде жетістікке жеткен, өз кә­сібінің биігіне көтерілген азамат­­тар аз емес.

Мысалы, Қазақстанда шама­мен бес мыңға жуық ауыл бар десек, міне, осы азамат­тары­мыз­дың әрқайсысы бір-бір ауыл­ды қамқорлығына алып, демеу­шілік жасаса, қандай мәрте­бе болар еді. «Ауылына қарап, азаматын таны» демей ме, ха­лық даналығы. «Көп көтерген жүк жеңіл» дей отырып, қара ша­ңы­ра­ғымызға қамқорлық танытып жатсақ, қанеки. 

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын не себепті жа­рия­лады? Деректерге сүй­ен­­сек, сонау 37-жылдарға дейін елімізде 50 миллионға жу­ық мал басы болған екен. Сол жылдардың өзінде дәл қа­зір­гідей заманауи жағдай жасал­маған тұста қазақ малын көбей­тіп, шұрайлы жерлері өзінің көркімен тамсандырған. Төрт тү­лігі ұлан-ғайыр даласына жа­й­ылған Қазақ елі осы дархан даланы қорғап, ұрпағына мұра етіп қалдырды. Сәйгүлігі дала­сының сәнін келтіріп, ел қорғау­да көлігі, жесе асы, ішсе сусыны болған.

Міне, біздің рухани жаңғыр­уы­мыздың түп-төркіні сонау ұлы бабалар тарихында жат­қан­дығына Елбасы баршаның на­за­рын аударып отыр. Елімізді саяси сах­нада жоғары дәре­же­­ге көте­ріп, әлемге танытып отыр­­ған­дығы Мемлекет басшы­сының сая­сат­керлігі, кө­ре­­­­­­­ген­­­дігінің арқа­сы дер едім. Дара жолы айқын, нақты бағы­ты бе­кем еліміз­дің болаша­ғы жас­тар­дың қолында. Өзінің ділін, тілін сақтай отырып, кез келген азамат білім алып, өз жағ­­дайын ғана емес, бүтіндей елге қамқорлық жасауына мүм­кін­­дік молынан бар.

 Жақында Ақтөбе облыс­ын­ың Амангелді ауылына барып қайт­тым. Елу шақты отбасы тұра­­тын шағын ауыл өзінше кө­рік­ті екен. Ауылға іскер аза­­мат­тар қолдау көрсетіп, жаңа бір тынысын ашыпты. Ме­ші­ті, кітап­­ханасы, мектебі, ем­ха­­­насы, т.б. ел игілігі үшін жа­­сал­­ған ауыл­­дың келбеті өз­ге­лер­ге үлгі дерсіз. Алдағы уа­қытта Атырау өңіріне де барып қайтпақ ниеттемін. Өзім білім алып, үлкен өмірге қадам бас­қан Шығыс Қазақстан өңірі де құрметпен шақырып отыр. Абай, Шәкәрім өскен өңірге барып тағзым етіп келу менің де борышым емес пе?!

Осындай құрметтің барлығы еселі еңбегімнің арқасы дер едім. Туған халқыма айтар алғысым шексіз. Ел мен жерді киелі деп құрметтейтін халықпыз. Осы игі дәстүрімізді болашақ ұрпа­ғы­мыз жалғастырып, ілім мен бі­лімге, заманауи кәсіптерді игеріп ел игілігіне еңбек етіп жатқан, одан асқан бақыт бар ма?.. Осы тұста «Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке», «Ер дәулеті – еңбек» деген ха­лық даналығының өмірлік тә­жіри­беден алынғандығына көз жеткізе түсеміз. Осы игі іс­те­рі­міз­ді жастарға үлгі ете отырып, ел дамуының келешегі жолында бір­лесе еңбек етсек, еліміздің келе­шегі жарқын болатынына сенімім мол.

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері,

халықаралық дәрежедегі спорт шебері