Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің төрағалығымен Қамқоршылық Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

Биылғы оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысында Қамқоршылық кеңестің құрамы мен жоспары бекітілді. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры Бақыт Жұматайдың 2017-2018 оқу жылы бойынша есебі тыңдалды. Мектеп 2018 жылы xалықаралық аккредитациядан сәтті өтіп, 100-ге жуық мектеп оқушылары xалықаралық, республикалық,аймақтық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындады. Мектептен түлеп ұшқан 382 түлектің 35-і Назарбаев Университетінің студенттері, тағы 29 шәкірті әлемдегі 8 мемлекеттің білім гранттарын иеленіп, беделді оқу орындарында жоғары білім алып жатыр. Мектеп директоры Ұлыбританияның ұлттық орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme білім бағдарламасының General Certificate of Education A-Level деңгейіне сәйкестігін растағандығы туралы айтты. Бұл түлектердің қазақстандық 10 беделді жоғары оқу орнына 2 курстан, ал Кембридж және Германиядағы университеттерге университеталды дайындық курсына қатыспай-ақ оқуға қабылдануына көмек береді.

Баяндамадан соң мектептің қызметін жақсартуға бағытталған ағымдағы мәселелер қаралып, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің зияткерлік әлеуетті қалыптастыруда өзге де ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы