Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

978 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай балаларға арналған спорттық  ойын алаңшалары ашылды. Салтанатты шарға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындарды мерекемен құттықтап, осынау қастерлі күннің маңызына тоқталды. 

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

Жаңа нысанның алғашқысы Гагарин көшесінде орналасқан. N141, 141a көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылып, жаңа кейіпке енді. Аталған тұрғын үйлердің ауласында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы пайдалануға беріліп отыр. Құрлысты "Айсана-Пирман" ЖШС жүргізген. 

Екінші мерекелік тарту "Нұрсәт" шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында жалғасын тапты. «Нұрсәт» шағынауданының №11, 12, 75 көп қабатты үйлер ауласында ашық спорт және балалар ойын алаңшаларының салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. 
Аудан әкімі аппараты ұсынысымен «Нұрсәт» шағынауданындағы тозығы жеткен 36 көп қабатты тұрғын үй орналасқан 14 ауланы абаттандыруға қала бюджетінен 293 млн. теңге қаржы бөлінген. 
«Нұрсәт» шағынауданындағы тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлер аулаларына заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары және спорттық жаттығу элементтері орнатылды. Құрылыс жұмыстары аталған шағынауданның 36 көп қабатты үйлер аулаларында жүргізілді. Оның ішінде: Бәйдібек би даңғылында орналасқан – 8 үй, Назарбеков көшесіндегі – 16 үй, Астана даңғылы бойындағы – 12 үй. Аулаларды абаттандыру жұмыстары барысында 36 көп қабатты тұрғын үйдің яғни, 927 пәтерде қоныстанған 5 000-ға жуық тұрғын балалар ойын алаңшалары және спорттық жаттығу элементтерімен қамтылды. Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағынауданы № 11, 12, 75 көп қабатты тұрғын үйлер ауласына заманауи үлгідегі ашық спорт алаңшасы салынды. 

Шара барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балғындарға спорттық бұйымдар сыйға тартты.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»