Әдебиет • 17 Желтоқсан, 2018

Алтын домбыра иесі анықталды

6702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. 

Алтын домбыра иесі анықталды

Биыл 7-ші рет өткен «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған сынды ақындар қатысты. 

Айтыстың бас жүлдесін Жансая Мусина жеңіп алып, «Алтын домбыраға» ие болды. Бірінші орын Дидар Қамиевтың еншісіне бұйырып, 3 миллион теңгеге ие болды. Ал екінші орынға Еркебұлан Қайназаров және Мейірбек Сұлтанхан лайық деп танылып, 1 млн теңге көлемінде сыйақы жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынға Ринат Заитов, Мақсат Ақанов, Рүстем Қайыртаев ие болып, 700 мың теңгеден қаржылай сыйақыға ие болды. Сондай-ақ Төлеген Жаманов арнайы стипендияның иегері атанды.

Көптеген ақындарға Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгілері мен медалі берілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше