Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2018

Маңғыстаулық студенттер республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада өткен WorldskillsKazakhstan IV Ұлттық чемпионатынан маңғыстаулық студенттер олжамен оралды. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшылары мәлімдеді.

Маңғыстаулық студенттер республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

Чемпионатқа республика бойынша 350 студент қатысты. Маңғыстау облысынан 19 құзыреттілік бойынша колледждерден 20 студент қатысты. Маңғыстаулық студенттер жоғары көрсеткішке қолжеткізді. Нәтижесінде 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленді. Сонымен қатар «Шаштараз өнері», «Дәнекерлеу ісі», «Графикалық дизайн» құзыреттіліктері бойынша медальдарға ие болды.

Өңірлердің барлық орталықтарының қатысуы ТжКБ беру жүйесінің ұйымдары мен жастар тарапынан жоғары қызығушылықты көрсетеді. Нәтижесінде Маңғыстау облысы облыстар арасында  6-шы орынды иеленді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар