Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Төрт күн электр стансасы салынады

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында күн стансасын салуға Франция, Болгария және Ресей компаниялары мүдделілік танытып отыр.

Төрт күн электр стансасы салынады

Облыс орталығынан бөлек Шиелі және Жалағаш аудандарындағы станса орнына арнайы жер бөлініп, жұмыс басталып та кетті.

Сағатына 140 мегаватт электр энергиясын өндіретін қондырғылардың Қызылорда өңіріне салынуының өзіндік себептері бар.

Тиісті сала басшыларының айтуынша облыста жылына үш мың сағаттық күн сәулесі төгіледі. Сонымен қатар жел және су ресурстары мол.

Қатты отын сияқты қоршаған ортаны ластамайтын энергияның ең таза түріне осылайша артықшылық білдірілуде. Баламалы энергия көздерін игеру облыс экономикасын тағы бір белеске көтерері сөзсіз.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы