Тауарларды таңбалау заңсыз айналымға тосқауыл болады

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жүргізген палатаның жалпы отырысында күн тәртібіне сәйкес төрт мәселе қаралды. 

Егемен Қазақстан
20.12.2018 6942
2

Алғашқы болып «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республи­касының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы баяндаманы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жасады. Оның айтуына қарағанда, ЕАЭО-ның қатарына Қырғыз Республикасының енуіне сәйкес кедендік түсімдерді бөлу тәртібінің мерзімі 2018 жылғы 12 та­мыз­ға дейін белгіленген. Енді рати­фи­кациялауға ұсынылып отырған Хат­тама оның мерзімін 2019 жылдың 31 жел­тоқсанына дейін ұзартады. 

Баяндамадан кейін бірнеше депутат сұрақ қойып, соның ішінде кеден түсімін бөлудің тәртібі неге тұрақты түрде бекітілмейтінін сұрады. Оған Т.Сүлейменов қазір тұрақты тәртіптің методикасы жасалып жатқанын, соңғы шешім шығаруға уақыт керек екенін, сондықтан уақытша тәртіптің мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатынын жеткізді. 

Заң жобасы бойынша қосымша баян­даманы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Тарас Хитуов жасап, жұмыс тобының отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілгенін айтты. «Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді», деді ол. 

Шағын талқылаудан кейін заң жобасы толық мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілді. 

Жалпы отырыста қаралған екінші заң жобасы «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құрал­дарымен таңбалау жөніндегі келі­сімді ратификациялау туралы» бол­ды. Бұл туралы негізгі баяндаманы Қаржы министрі Әлихан Смайылов жасады. Аталған Келісімге 2018 жылдың 2 ақпанында Алматы қаласында қол қойылған. Келісімнің негізгі мақсаты – тауарлар айналымының заңдылы­ғын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқығын қорғау, көлеңкелі экономиканы азайту, салықтардың бюджетке түсімін арттыру, одақ шеңберіндегі бизнесті жүргізудегі бәсекелестік шарттарын теңестіру, деді министр. Осы Келісім таңбалау енгізудің тәртібі мен мерзімін белгілеп, тауарлардың көрсетілген сапаға сәйкестігін және таңбаны жап­сыру­дың бірыңғай талаптарын қарас­тырып, одақ көлеміндегі олардың құры­лымы мен құрамын реттейді екен. Ал ортақ таңбаны қабылдағысы келмеген мемлекет болса, өз таңбасын енгізуге құқы бар көрінеді. Министрдің айтуына қарағанда, таңбалау тәжірибесі барлық дамыған елдерде бар. Соның арқасында тауарларды қолдан жасауға тосқауыл қойылады. 

Заң жобасы бір көрмеге қарапайым болғанымен, ол депутаттар тарапынан көптеген сұрақ туғызды. Алдымен депутат Сапар Ахметов тері бұйымдарын таңбалау бойынша қанатқақты жоба осыдан тура бір жыл бұрын қолға алынғанын еске алып, оның нәтижелері қандай екенін сұрады. Ә.Смайыловтың айтуынша, жоба қазірдің өзінде оң нәтиже бере бастаған. Бір жылдың ішінде 240 мыңнан астам тері бұйымдары таңбаланған екен. Соның нәтижесінде тері бұйымдарын импорттаушылар саны 23 пайызға, ал олардан түскен кеден баждарының көлемі 70 пайызға өскен. Сондай-ақ ішкі рынокта тері бұйымдарын сататындардан түскен салық та артқан.

Депутат Евгений Козлов таңбаның өзін қолдан жасаушыларға қарсы қандай күрес жүргізілетіні жөнінде сұрады. Оған министр алкоголь тауарларының мысалымен жауап берді. Егер бұрын оларға акциздік маркалар жапсырылатын болса, қазір қолдан жасауы қиынға соғатын цифрлық код желімде­леді, ал оның штрих-кодтарын жасау тех­никалық жағынан күрделі болғандықтан, алаяқ­тардың қолдан жасауына жол бермейді.

Депутат Зәуреш Аманжолова нақ­ты қандай тауарлар таңбаланатыны жөнін­дегі тізімді және соның ішінде дәрі-дәрмектер бар-жоғын сұрады. Министр­дің айтуынша, дәл бүгінгі таңда ЕАЭО бойынша таңбалауға тиісті тауарлардың нақты тізімі жасалмаған. Алдағы Жоғары кеңес отырыстарының бірінде бұл тізім қаралып, бекітілуі мүмкін.

Осы арада Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулин де сөз қосып, барлық дамы­­ған елдер өздері шығаратын дәрі-дәрмектерін таңбалайтынын айтты. Біз де бұл процестен тыс қалмауымыз керек. Халқымыз дәріханалар мен аурухана­лар­дағы дәрі-дәрмектердің сапасы жоғары екеніне сенімді болуы керек, деді ол. Сонымен қатар Спикер дәрі-дәрмек өндірушілерге қажетті құрал-жабдық­тар алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгені де жөн екеніне тоқталып, ал таңбалау олардың бағасын көтеруге жол бермеуі керектігі маңызды екенін айтты. 

Заң жобасын талқылауға қатысқан депутат Азат Перуашев тауарларды таңбалау кәсіпкерлерге қосымша шығын екенін және бұл шығын бюджетке түспей жеке кәсіпкерге кететінін атап айтты. Сонымен бірге ол әрбір тауарды таңбалау министр айтқандай 3 теңге емес, 21 теңгеге дейін жететінін көріп жүргенін жеткізді. 

Заң жобасы көпшілік дауыспен мақұлданды. Тек бір-ақ адам қарсы және алты депутат қалыс қалды. 

Сонымен қатар жалпы отырыста «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге қор­ғаныс және аэроғарыш қызметі мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобалары екінші оқылымда қаралып, мақұл­данды. Бұлар туралы баяндаманы Халық­аралық істер, қорғаныс және қауіп­с­іздік комитетінің мүшесі Құдай­бер­ген Ержан жасады. Алғашқы заң жобасы мемлекеттің қорғаныстық тапсырыстарын қалыптастыру, орналас­тыру және орындау тетігін өзгертуді, қорғаныс өнеркәсібін дамытуды, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымды дамытуды, мемлекеттік орган­дард­ың және қорғаныс өнеркәсібі ұйым­дарының қызметін үйлестіруді және қару-жарақ пен әскери техника айналымын реттеуді көздейді. Ал екінші ілеспе заң жобасы заңнамалық актілер нормаларын «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының ережелеріне сәйкес келтіру, құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздеп, 4 кодекс пен 20 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң депутаттар орталық атқару­шы органдарға арналған өздерінің депутаттық сауалдарын жариялады. 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

24.01.2019

«Мақаш правитель» туралы кітап қазақшаға аударылды

24.01.2019

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

24.01.2019

Президент кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

24.01.2019

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

24.01.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарында болды

24.01.2019

2021 жылға дейін ауыл емханалары толығымен электронды форматқа көшеді

24.01.2019

Ольга Довгун Токио олимпиадасы қарсаңындағы басты міндеттерді атады

24.01.2019

Басқа басылымдардан: Қазақстанда Жастар жылы ашылды

24.01.2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

24.01.2019

Астана экономика құрылымында ШОБ үлесі бойынша көш бастап тұр

24.01.2019

Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

24.01.2019

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

24.01.2019

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

24.01.2019

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

24.01.2019

«Жастар жылындағы жетістігің» акциясы желтоқсанға дейін жалғасады

24.01.2019

Жетісу университетінде Жастар орталығы құрылды

24.01.2019

Өткен тәулікте елордадан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

24.01.2019

Елордаға 2 мың тонна көмір жеткізілді

24.01.2019

Франция елшісінің кеңесшісі Лор Кастен: «Мен үшін Қазақстан – Абай!»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу