Заң сапасына оны қарау мерзімі де әсер етеді­

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен болған палатаның кезекті отырысында тоғыз мәселе қаралды.  

Егемен Қазақстан
21.12.2018 6792
2

Төраға Президенттің берген тапсырмаларын іске асыруға заңнамалық негіз болатын бір­неше заң жобасы жылдың аяғын­да ғана бір пакетпен келіп түс­кенін айта келіп:  «Сенат депутат­тары заң жобаларының маңыз­дылығын ескере отырып, оларды аса қысқа мерзімде қарап, талқылауға мәжбүр болды. Жыл сайын қайталанатын мұндай жағдай қабылданатын заңдардың сапасына оң ықпал етпейтіні белгілі. Сондықтан заң жобаларын Сенаттың қарауына ұсыну мерзімдеріне қатысты осындай келеңсіз жағдайлардың қайта орын алуына жол бермеу қажет. Осы мәселеге Үкіметтің назарын айрықша аударамын. Маңызды заң жобалары бойынша Үкімет Парламент палаталарымен алдын ала жұмыс кестесін белгілеп алғаны дұрыс болады», деген ескерту жасады.

Осыдан кейін күн тәртібіндегі мәсе­лелер қарала бастады. Алды­мен Елбасының ұсынған Жоғарғы сот судьяларын лауазымдарынан босату мәселесі қаралды. Ұсынысты Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов жариялады. Сенат отырысы Прези­­дент ұсынысын қолдап, Е.Рахым­бековті, Е.Дәулиевті және Д.Нұра­линды Жоғарғы сот судьялары лауазымынан босатты. Осылардың ішінде Е.Рахымбеков Шымкент қаласы соты­н­ың, Е.Дәулиев Маң­ғыстау облыстық соты­ның төр­ағасы болып тағайындалған. Ал Д.Нұралин зейнеткерлік жасқа толуына бай­ла­нысты өз қалауымен отставкаға шыққан.

Алғашқы қаралған заң жобасы Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкi арасындағы №8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкi арасындағы келісім-хатты ратификация­лау туралы» болды. Бұл туралы баяндаманы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, қосымша баяндаманы сенатор Михаил Бортник жасап, анықтау мақсатымен берілген бірнеше сұраққа жауап алынған соң, заң жобасы қолдау тауып, қабылданды.

Парламент Мәжілісі мақұл­даған «Еура­зиялық экономи­ка­лық одақ шеңберінде ауыл ша­руа­шылығы өсімдіктері тұ­қым­дарының айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша негізгі баяндаманы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев жасады. Бұл заң жобасы да көп сұрақтар тудырмай қабылданып, Келісім ратификацияланды.

Сенаторлардың көп сұрағын тудырған Мәжіліс мақұлдаған «Табиғи монополия­лар туралы» заңның жобасы  болды. Заң жобасы туралы баяндаманы Ұлттық эко­номика министрі Тимур Сү­лей­менов жасады. Бұл құжат та­­би­ғи монополиялар субъек­ті­­лері іс-әрекеттерінің тиім­ділі­гін арттыруға бағытталған. Со­ның ішінде тарифтерді белгі­леу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Табиғи монополиялар субъектілерінің мем­лекеттік тізілімі жасалып, та­риф­терді реттеу жұмыстарын жетіл­­діру – заң жобасының негіз­гі мақсаты. Бұл мақсатқа жету үшін тарифтерді реттеуде ынта­ландыру әдісін пайдаланып, субъек­тілер іс-әрекеттері көрсеткіш­терінің тиім­ділігін арттыруды қамта­масыз ету ескерілген.

Министрдің айтуына қараған­да, табиғи монополиялар туралы заң алғаш рет 1998 жылы қа­был­данған, содан бергі 20 жыл­дың ішінде оған 15 заң ар­қы­лы 200-ден астам түзету мен толықтыру енгізілген. Заң жобасы бойынша қосымша баяндаманы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялақ даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәр­сенбай Еңсегенов жаса­ды. Ол заң жобасында та­биғи мо­но­полиялардың 14 сал­асы бекі­т­іліп, олардың қыз­ме­тін мем­ле­кеттік реттеу жөнін­дегі уәкі­лет­ті орган мен жергілік­ті ат­қару­шы органдардың қызмет­тері ай­қын­далғанын айтты. Шағын тал­қы­лаудан кейін заң жобасы мақұл­данып, қабылданды.

Мәжіліс мақұлдаған «Қазақ­стан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілерге есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақы­­­лау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда қаралды. Құжат туралы ІІМ-нің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов баян­дады. Баян­дамашы ұсынылған түзетулер мен толық­тырулар нарықта жылдам пайда болатын синтетикалық есірткілердің жаңа түрлеріне үкімет қаулысымен бірден тыйым салуға мүмкіндік беретінін, соның арқасында елімізде жаңа есірткілердің таралу жолы кесілетінін айтты. Қо­сым­ша баяндаманы Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Вла­димир Волков жасады. Бұл құжат та мақұлданды.

Сенаторлардың көптеген сұрағын туғы­зып, көп талқыланған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне мемле­кеттік сатып алу және квази­мем­лекеттік сектор субъек­ті­лерінің сатып алу мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болды. Заң жобасы орталықтандырылған қызмет қағидатымен мемлекеттік сатып алудың біртекті жүйесін енгізуді көздейді және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың жаңа әдісін ұсынады. Бірнеше депутат «Самұрық-Қазына» қоры­на мемлекеттік сатып алу­лар­дың жалпылама тәртібі жүр­мейтіндігіне ашық наразылық білдірді. Оған баяндама жасаған Қаржы министрі Әлихан Сма­йылов жекешелендіру процесін ұтым­ды жүргізу үшін осындай әдістер әлемдік тәжірибеде қолданылатынын айтып, жауап берді. Сонымен қатар заң жоба­сынд­а мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъек­тілерінің электронды жолмен сатып алулардың ақпараттық жүйе­сіне қол жеткізудің біртекті нүк­тесін құру көзделе­тіні айтылды.

Келесі болып «Кейбір заңна­ма­лық акті­лерге халықтың жұ­мыс­пен қамтылуы мәсе­лелері бо­йы­нша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы», одан кейін «Кейбір заң­намалық акті­лерге денсаулық сақтау мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» және «Кейбір заңна­малық актілерге дәрілік заттар мен медици­налық бұйымдардың айналысы мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды.

Алғашқы заң жобасы 22 заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бұлардың қатарында Бюджет, Кәсіпкерлік, Салық кодекстері мен бірнеше заң бар. Ал екінші заң жобасы бойынша мемлекеттік тегін медициналық көмектің жаңа моделін енгізу көзделген. Соның ішінде жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитар­лық көмек және т.б. бар. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойын­ша кейбір заңнамаларға енгізілген өзге­рістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап осы заттардың ең жоғарғы баға­сын анықтауды және реттеуді көздейді. Сон­дай-ақ оларды тегін беру немесе амбулатория­лық жеңіл­дікпен қамтамасыз етудің ұлттық тізілімін құруды қамтыған.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң сенатор С.Айтпаеваның депутаттық сауалы жарияланды. Оның есірткінің заңсыз айналымына қатысты жолдаған сауалын Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, бұл мәселенің аса өзекті екенін атап өтті.

 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

21.03.2019

Шекарашылар 60 бас жылқы айдап келе жатқан барымташыларды ұстады

21.03.2019

Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

21.03.2019

Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

21.03.2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

21.03.2019

ШҚО: Алтай ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына дастархан жайылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу