Сенатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі саласындағы мәселелер талқыланды

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Қазақстан Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды    Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
21.12.2018 6531
2

Комитет төрағасы Асқар Бейсенбаев кездесуді аша келіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тиімді жұмыс істеуі қазақстандықтар үшін маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.  

Осыған байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет. Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттейтін тиісті заң жобасы Парламенттің қарауына түскен болатын.

Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев депутаттарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жоспарланып отырған реформаларды таныстырды. Алдағы ауқатта «бір үй – бір меншік иелерінің бірлестігі – бір шот» секілді көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару үлгісі ұсынылатын болады. Бұл тұрғындарға қаржыны тек өздерінің үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жинақтауға, сонымен қатар қаржылардың түсімін және олардың мақсатты жұмсалуын бақылауға  мүмкіндік береді.

Сенатор Әлімжан Құртаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында орын алған маңызды мәселелерге тоқталды. Ол тариф қалыптастыру үрдісінің ашық еместігі, апатты тұрғын үйлердің шамадан тыс көптігі, тұрғын үй басқару органдары жұмысының нашарлығы мен қызмет сапасы деңгейінің төмендігі, ресурс үнемдеуді ынталандыру мен жаңа технологияларды енгізу мен тұрғын үй басқару органдарына әсер ету тетіктерінің жоқтығы секілді мәселелерді атапөтті.

Кездесуге "Қазақстан құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова, Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев, Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов, «Республикалық пәтер мен үй-жай иелері кооперативтерінің ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Вице-президенті Шамиден Тапаев сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар еліміздің тұрғын үй қорының жағдайын, үйлерді күрделі жөндеуден өткізуді қаржыландыру, пәтер иелері жинаған қаржыны жұмсаудың ашықтығы және тағы басқа мәселелерді талқыға салды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын тиімді қолдау және одан ары дамыту шаралары әзірленетін болды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

24.01.2019

«Мақаш правитель» туралы кітап қазақшаға аударылды

24.01.2019

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

24.01.2019

Президент кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

24.01.2019

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

24.01.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарында болды

24.01.2019

2021 жылға дейін ауыл емханалары толығымен электронды форматқа көшеді

24.01.2019

Ольга Довгун Токио олимпиадасы қарсаңындағы басты міндеттерді атады

24.01.2019

Басқа басылымдардан: Қазақстанда Жастар жылы ашылды

24.01.2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

24.01.2019

Астана экономика құрылымында ШОБ үлесі бойынша көш бастап тұр

24.01.2019

Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

24.01.2019

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

24.01.2019

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

24.01.2019

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

24.01.2019

«Жастар жылындағы жетістігің» акциясы желтоқсанға дейін жалғасады

24.01.2019

Жетісу университетінде Жастар орталығы құрылды

24.01.2019

Өткен тәулікте елордадан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

24.01.2019

Елордаға 2 мың тонна көмір жеткізілді

24.01.2019

Франция елшісінің кеңесшісі Лор Кастен: «Мен үшін Қазақстан – Абай!»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу