Тарифтер төмен әрі түсінікті болғаны жөн

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төра­ға­лығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының өту барысы баяндалып, тарифтердің, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын төмендету жөніндегі шаралар талқыға салынды. Сонымен қатар суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары мақұлданды.

Егемен Қазақстан
26.12.2018 18675
2

Қаһарлы қыста жылусыз қалмаймыз

Жылу беру маусымының өту барысын баяндаған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жалпы күзгі-қысқы кезең штат­тық режімде өтіп жатқанын мәлім­деді. Оның айтуынша, күні ке­ше ең жоғарғы электр жүкте­месі 14 740 мегаваттқа жетіп, рекорд­тық көрсеткіш орнаған. Биыл­ға жоспарланған электр станса­ларындағы жөндеу жұмыс­тары іс жүзінде аяқталып, 8 энер­гоблок, 52 қазандық пен 44 тур­бина, 28,3 мың шақырым электр беру желілері және орта­лық­тандырылған жылумен жаб­дықтау аймағындағы 500 қазан­дық жөндеуден өткен.

− Электр стансаларының отын қоймаларында 4 млн тонна кө­мір және 112 мың тонна ма­зут жинақталды. Ал орталық­тан­дырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтарда көмір қоры – 978,8 мың тоннаны, мазут 115,2 мың тоннаны құрап отыр, – деді Қ.Бозымбаев. Энергетика министрінің айтуынша, министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін жұмыстарды жалғастыруда.

Күн тәртібіндегі тақырыпты жалғастырған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жылумен қамту, сумен қамту және су бұру желілерінде технологиялық бұзушылықтарға қатысты жылыту маусымының барысына мониторинг жүргізіп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жылыту маусымы басталғалы бері коммуналдық жүйелерде 24 технологиялық бұ­зушылық анықталып, әкім­діктер оның барлығын қысқа уақыт ішінде жойған.

Ж.Қасымбек баяндамасында басымдық берілген тағы бір мә­селе − дебиторлық берешекке қатысты. Биылғы жел­­тоқ­сан айындағы жағдай бо­йын­ша берешек көлемі 12 995 млн тең­гені құраған. Осыған орай әкім­діктер дебиторлық бе­решек­ті азайту жұмыстарын ба­қылау­ды күшейтулері керек жә­не бере­шек­тердің өсуіне жол бер­меулері қажет екенін сала министрі ескертті.

Көмір тапшылығын болдырмас үшін барлық тиісті шаралар жүргізілуде. Жылдық жоспар бойынша елімізде көмір қорлары 93,2% қамтылған. Республиканың бар­лық аймақтарындағы комму­нал­дық-тұрмыстық секторларда көмір жеткізу кестесі уақытынан бұрын орындалып отыр.

− Биыл жыл басынан бері еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 млн тонна көмір өндірген. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 56,4 млн тонна көмір жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,4 млн тонна көмір жөнелтілді. 27,7 млн тонна көмір экспортталды. 2018 жылдың соңына дейін көмір өндіру көлемі шамамен 112 млн тонна болады деп күтілуде. Биыл жылыту мау­сымы басталғаннан бері (1 мамыр-20 желтоқсан аралығында) теміржол көлігімен 46,8 млн тонна көмір тасымалданды, − деді Ж.Қа­сымбек. Ал соңғы 4 аптада еліміздің барлық өңірінде ком­му­налдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа сатылатын көмірдің бағасы орта есеппен 15-20%-ға төмендеген.

Тақырыпты қорытындылаған Премьер-Министр Бақытжан Са­ғынтаев жалпы биылғы жылыту маусымы технологиялық ақаусыз, қалыпты өтіп жатқанын айтты. Дегенмен, бұл мәселе бар­лық әкімдердің жіті бақылауында болуы керектігін де ескертті.

Бағаның төмендегенін халық сезінуі тиіс

Үкімет сағатында талқылауға түскен екінші мәселе − тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын төмен­дету жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты. Энергетика министрі Қ.Бозымбаев келтірген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда алғаш рет электр қуатының ор­та­лықтандырылған сауда-саттығы өткізіліп, онда қуат бағасы шекті деңгейден 9%-ға төмендеген. Оның ішінде «Астана-Энергия» тарифі 19,1%-ға, Шымкент қаласының ЖЭО тарифі 0,4%-ға, Өскемен СЭС тарифі 33,8%-ға, Шүлбі СЭС тарифі 23,1%-ға, Екібастұздағы МАЭС-1-дің та­­рифі 20,9%-ға төмендеп отыр.

Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің айтуынша халыққа жөнелтілетін көмірдің шамамен 70%-ы Шұбаркөл мен Қаражыра кен орындары есе­бі­нен қамтамасыз етіледі. Осы­ған байланысты, министрлік тара­пынан Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіп­орын­дарының республикалық қауым­дастығымен бірігіп меморандум жобасы әзірленіп, әкімдіктер мен трейдерлер арасында шамамен 90 меморандумға қол қойылды.

− Биылғы қарашадан бастап қол қойылған меморандумдарды іске асыру аясында жылыту мау­сымының аяғына дейін Шұ­бар­көл көмірі орта есеппен 15-20%-ға, Қаражыра көмірі 5-10%-ға арзандады, – деп хабарлады министр.

Бүгінде Ақмола облысында Шұбаркөл көмірінің бағасы 2400 теңгеге немесе 17%-ға төмендеді, ал Қаражыра көмірінің бағасы 800 теңгеге немесе 5%-ға арзандаған. Ал Ақтөбе облысында Шұбаркөл көмірінің бағасы 2500 теңгеге немесе 16%-ға төмендеді, ал Қаражыра көмірінің бағасы 1000 теңгеге немесе 6%-ға түскен. Алматы облысында Шұбаркөл көмірінің бағасы 3100 теңгеге немесе 21%-ға, ал Қаражыра көмірінің бағасы 1000 теңгеге немесе 5-6%-ға арзандаса, Жамбыл облысында Шұбаркөл көмірінің бағасы 2500 теңгеге немесе 17%-ға төмендеп отыр. Бұл тізімде Қарағанды облысы (1700 теңгеге немесе 16%-ға), Қостанай облысы (2950 теңгеге немесе 20%-ға), Қызылорда облысы (2050 теңгеге немесе 14%-ға), СҚО (Шұбаркөл көмірі 2250 теңгеге немесе 16%-ға, Қаражыра көмірі 800 теңгеге немесе 5%-ға), Түркістан облысында (3000 теңгеге немесе 14%-ға), Астана қаласында (3000 теңгеге немесе 16%-ға), Алматы қаласында («Шұбаркөлдің» темір­жол тұйығындағы көмір бағасы 1800 теңгеге немесе 13%-ға, ал Қа­ражыра көмірі 800 теңгеге немесе 6%-ға), Шымкент қаласында (Шұ­баркөл көмірінің бағасы 2550 тең­геге немесе 18%-ға) арзандады. 

Тарифтер мен әлеуметтік ма­ңызы бар тауарлардың бағаларын төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов әлеуметтік маңы­зы бар азық-түлік тауарла­ры бағаларының өзгеруі өткен ап­та­мен салыстырғанда еш өзгеріс­сіз екенін айтты. Тек әлемдік үрдіс­тердің әсерінен қант нарығындағы бағаның өсуі біздің елге де әсер етсе, қырыққабат құны өндірістің немесе сақтау орындарының болмауы салдарынан қымбатқа түсіп отыр.

Тақырыпты қорытындылау барысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев барлық қазақстандықтар Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу қорытындысын сезінуі керек екенін атап өтті. Өңір әкімдеріне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, келесі жылдың 1 қаңтарына дейін ПИК қызметтерінің тарифтерін төмендету бойынша және әкімдіктің қарауындағы басқа коммуналдық қызметтер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды. Жаңа жылдан бас­тап барлық қызметтердің жеткізушілері бекітілген төмен­де­тілген тарифтерді ұстануы ке­рек­тігі, сондай-ақ олардың құры­луы халыққа барынша айқын әрі тү­сінікті болуы керектігі еске­ртілді.

Бұдан өзге, Б.Сағынтаев ба­зар­лардағы көкөніс бағасының не­гізсіз шарықтап жатқанын сын­ға алып, Ұлттық экономика минис­тр­л­ігіне мәселені шешуді тапсырды.

Суармалы жерлердің жоспары бекітілді

2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамыту жоспарын Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев таныстырды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – 3,5 млн га суармалы жерді суару суымен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің ауданы 1,4 млн га құрайды. Жоспарды іске асыру айналымнан шыққан, алайда қажетті 600 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіріп, жаңа 1,5 млн га суармалы жерлерді іске қосуды көздейді. Бұл тұста жалпы өнім 3,7 трлн теңгені құрамақ.

− 2028 жылға қарай қалпына келтірілетін және жаңадан пай­далануға енгізілетін суармалы жерлерде бағдарламаны іске асы­рудан күтілетін нәтижелер – 3 727 млрд теңгеге дейін суармалы жерлердің жалпы түсімінің өсімін 1 жұмыскерге шаққанда 5,8 млн теңгеге дейін өнімді өндіру өсімі, – деді А.Евниев.

Қазақстандағы Азия даму банкінің тұрақты өкілдігінің ди­ректоры Д.Капанелли жуыр­да Ауыл шаруашылығы минис­тр­­лігімен 2019-2021 жылдар аралығында агросекторға 2 млрд долларға дейін инвестиция са­лу жөніндегі өзара іс-қимыл туралы ірі меморандум бойынша жұмыс аяқталатынын хабарлады. Бұл меморандумның негізі суландыру құрылымдарын жаңғыртуды қолдауға бағытталған. Мәселені қарау барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев суармалы жерлерді дамыту бағдарламасы аса маңызды екенін атап өтті. Себебі бүгінгі таңда суармалы жерлер егістік алқабының 7%-ын құрайды. Бұған қарамастан, ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімінің 40%-ы осы суармалы жерлерде шығарылады.

Өз кезегінде Премьер-Министр Б.Сағынтаев жоспар жо­басы барлық мүдделі министр­лік­термен, өңірлермен келісіл­генін атап өтті. Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігіне мүдделі мем­ле­кеттік органдармен және өңір­лердің әкімдерімен бірлесіп, жос­пар шараларын сапалы әрі уа­қ­тылы іске асыру тапсырылды.


Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу