Футбол • 28 Желтоқсан, 2018

Еурокубоктағы үздік ойыншы кім?

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы биылғы Еуромаусымды Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастап, үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түсті. 

Еурокубоктағы үздік ойыншы кім?

Биылғы маусымда елорда командасы 14 ойын өткізді. Чемпиондар лигасында 6 матч, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде 2 ойын және топтық кезеңде 6 кездесу өткізді. Жалпы 6 кездесуде жеңіске жетсе, 3 ойында тең үсті. Ал 5 матчта қарсыластарына есе жіберді. 

Әр матчтан кейін ойыншылардың статис­тикалық сараптамасын жүргізіп отыратын Instat компаниясы биылғы маусымда «Астананың» қорғаушысы Марин Аничичті үздік ойыншы деп таныды. Аничич 14 ойынның 12 матчына қатысып, бір гол соқ­қан. Сондай-ақ Астанада «Ренн» командасына қарсы өткен ойында ол әріптестеріне 87 пайыз дәл пас берген. Екінші орын биыл Қазақстан футболы үшін «жыл жаңалығы» болған 20 жастағы Бақтияр Зайнутдиновке бұйырды. Үздік үштікті венгриялық жартылай қорғаушы Ласло Кляйнхайслер түйіндеді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»