29 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Арыстан Баяхметұлы Құжымов Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

А. Құжымов 1984 жылы Мамлют ауданына қарасты Бексейіт ауылында дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді, Қазақстан-Ресей университетін құрылыс бакалавры, юриспруденция бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы “Единство” ЖШС-нің диспетчері болып бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар жер-кадастр филиалында техник-жерге орналастырушы, Аққайың аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында жетекші маман  болып еңбек еткен.

2011-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, 2015-2018 жылдары облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің басшысы – ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі болған.

Осы тағайындауға дейін облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы