Үкімет • 29 Желтоқсан, 2018

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 13%-ға өсті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Евниев агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 13%-ға өсті

Осы жылың 11 айында азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,7%-ға артып, 1,4 трлн теңгеге жетті.

ҚР АШМ деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұн өндірісі 2,7%-ға, дәнді дақылдар 17,8%-ға, маргарин — 6,9%, шұжық өнімдері — 0,6%, өнделген сүт — 8%, қатты ірімшік — 15,1%, өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар — 82%, крекер және печенье өндірісінің көлемі 5,1%-ға артқан.

«2018 жылдың қаңтар-маусым айларында еңбек өнімділігі $13,3 мың/адамды құрады. Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $707,1 млн болды, өткен кезеңмен салыстырғанда 13%-ға өскен», — деді А. Евниев.

Айта кету керек, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мақсатты индикаторлардың бірі азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексінің 2015 жылмен салыстырғанда нақты көрсеткіште 22%-ға өсуі болып табылады.