Бокс • 02 Қаңтар, 2019

Қазақстандық 3 боксшы WBA рейтингінде үздіктер қатарына енді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ өкілдерінің өзекті рейтингін жариялады.

Қазақстандық 3 боксшы WBA рейтингінде үздіктер қатарына енді

Орта салмақтағы қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкин Давидь Лемьеге жол беріп, рейтингте екінші орынды сақтап қалды.

Біздің тағы екі боксшы 15-ші орынға жайғасты. Олар - екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы және бірінші орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев.

Еске сала кетейік, Ербосынұлы мен Жаңабаев өздерінің соңғы жекпе-жегін 23 желтоқсан күні Мәскеуде өткізген болатын. Айдос төртінші раундта бельгиялық Илиас Ачергуиды жеңіп, WBO Global титулын иеленді. Ал Нұрсұлтан судьялардың бір ауыздан дауыс беруімен филиппиндық Арнел Тинампайдан басым түсіп, WBC Asia чемпионының белбеуін қанжығаға байлады.