Әлем • 02 Қаңтар, 2019

Ауғанстанда терактіден 5 сарбаз көз жұмды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның Қандағар провинциясындағы әскери базада жарылыс болды. Ауған полициясының өкілі Ашраф Ватандостың сөзінше, жарылыс салдарынан 5 сарбаз жантәсілім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда терактіден 5 сарбаз көз жұмды

Полицейдің сөзінше, «Талибан» қозғалысының жауынгерлері Майванд ауданындағы әскери базаның астынан қазылған тоннельге жарылғыш зат қойған. Салдарынан 5 сарбаз қаза тауып, алты жауынгер жарақат алды.

Ал «Талибан» қозғалысы жарылыс құрбандары мен жараланғандар саны 35-ке жеткенін мәлімдеді.