Аймақтар • 03 Қаңтар, 2019

Зеленов ауданының атауы Бәйтерек боп өзгерді

1052 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №855 қаулысына сай Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталатын болды.

Зеленов ауданының атауы Бәйтерек боп өзгерді

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28  желтоқсан

№ 820