Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Данияны ойсырата ұтты

Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды. Олар бүгін әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі екінші кездесуінде Дания құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егемен Қазақстан
05.01.2019 6179
2

Аталмыш кездесу Канаданың Ванкувер қаласында өткізілді. Екі күн бұрын біздің жастар аталмыш қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Ережеге сәйкес екі құраманың бірі екі мәрте жеңіске жетсе сол жеңімпаз алдағы әлем чемпионатында топ-дивизионда ойын көрсету мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан жастары бұған дейін В тобында сынға түсті.  Топтық кезеңде біздің жастар барлық кездесуінде қарсыластарына есе жіберді. Атап айтқанда, алдымен Финляндиядан 0:5 есебімен жеңілсе, одан кейін  АҚШ-тан 2:8 есебімен ұтылып қалды.  Жастарымыз үшінші кездесуде Словакиядан 2:11 есебімен ойсырай жеңілсе, соңғы ойында Швецияға 1:4 есебімен жол берді.

Дания жастары да барлық ойында жеңілістің ащы дәмін татты. Олар алдымен Канададан 0:14, Ресей, Швейцария, Чехиядан 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша А тобында соңғы орынды місе тұтты. Дания құрамасы былтыр да топ-дивизионның жұбаныш кезеңінде ойнады. Ол жолы Беларусь жастарын 5:4, 3:2 (буллиттен) есебімен жеңді. Осылайша топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Бұл кездесу біздің жастар үшін сәтті басталды. Олар ойын басынан шабуыл тізгінін қолға алуға тырысты. Алғашқы шайба небәрі 35-секундта соғылды. Оны Саян Данияр орындады. Ал 4-минутта Қазақстан екі шайба айырмасымен алға шықты. Ол Давыд Макуцкийдің еншісіне жазылды. Екінші кезеңде қос құраманың да есепті өзгертуге мүмкіндігі болған еді. Әсіресе, Дания жастарының белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Дегенмен оларға біздің хоккейшілер лайықты деңгейде тойтарыс бере білді. Кейбір сәтте қақпашымыз Демид Еремеев шеберлігін көрсетті.

Үшінші кезеңде даниялықтар алға ұмтылды. Дегенмен оларға қарсы қорғаныста біздің жастар сауатты ойын көрсете білді. Соңғы минуттарда Дания құрамасы қақпашысыз ойнауға, яғни оны алтыншы хоккейшіге алмастыруға мәжбүр болды. Осыны пайдаланған біздің жастар олардың қақпасына екі шайба соғып кетті. Алдымен 59-минутта Артур Гатиятов осылайша екі шайба соқты. Есеп 4:0. Қазақстан жастары жеңіске жетті. Қарсыласын қатарынан екі мәрте тізе бүктірген құрамамыз енді үшінші ойын өткізбейтін болды. Алдағы әлем чемпионатында олар топ-дивизионда ойын көрсетеді.  Жарыс ережесі бойынша екі мәрте жеңіске жеткен құрама үздіктер қатарындағы өз орнын сақтап қалады.

Әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы сапында қақпада Еремеев Демид, Каратаев Денис, Нурек Владислав, қорғаныста Данияр Самат, Орехов Валерий, Шинкарецкий Евгений, Мұсабаев Ернар, Хрипков Ярослав, Королев Артем, Мұратов Давид, шабуылда Данияр Саян, Гатиятов Артур, Макуцкий Давыд, Верещагин Иван, Жорабек Айдос, Мұратов Батырлан, Бойко Олег, Гусейнов Диас, Мусоров Максим, Буяльский Андрей, Дёмин Руслан, Митенков Дмитрий, Третьяковский Данил қорғады. Олар «Снежные барсы», «Алтай-Торпедо», «Теміртау» және «Алтай» командаларында ойнайды.

Еліміздің 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы әлем чемпионатына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Ширек ғасырдан бері біздің хоккейшілер әртүрлі дивизионда бақ сынады. Біздің хоккейшілер топ-дивизионда 1998-2011, 2008-2009 жылдар аралығында сынға түскен. Былтыр Францияда өткен бірінші дивизионның А тобында көш бастап, үздіктер қатарына сегіз жылдан астам уақыттан кейін қайта оралды. Франция жерінде овертаймда Германияны 3:2, буллиттен Латвияны 3:2, Венгрияны 5:3, Австрияны 3:2 және Франияны 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетерлігі, бүгін жартылай финал ойындары да өтеді. Онда Ресей мен АҚШ, Финляндия мен Швейцария жастары кездеседі. 2019 жылдың 2 қаңтарында өткен ширек финалда Ресей Словакиядан 8:3, АҚШ Чехиядан 3:1, Финляндия Канададан 2:1, Швейцария Швециядан 2:0 есебімен басым түсті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу