Аймақтар • 06 Қаңтар, 2019

Биыл Астанада 8 мектеп пайдалануға беріледі

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы қалада 4,4 мың орынға лайықталған 4 мектеп ашылды. Ал биылғы жылы 8 мектептің алғашқы қоңырауы соғылмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл Астанада 8 мектеп пайдалануға беріледі

Қазіргі таңда Астанада 8700 орынға арналған сегіз мектеп пен мектепке жапсарлас ғимараттың және бір колледждің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) келісім-шарттарының аясында  ұлттық компаниялардың есебінен 480 орынға арналған екі балабақшаның, 720 орынға арналған тағы да екі балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуға қатысты жағдай жақсара түсуде.

Егер 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2016 жылы 70,6%, 2017 жылы 78% құраса, 2018 жылы ол 90% дейін өскен болатын. Бұл ретте жеке секторды тарту шаралары маңызды рөл атқарды. Ол қамтылған балалардың жалпы санының 30%-ын құрайды.