«Күміс ғасыр» жауһарлары «Астана Операда»

«Астана Опера» театры сахнасында­ на­ғыз ғажайып би мере­ке­сі орын алды – тал­ғампаз, нәзік әрі ро­ман­тикаға толы бірін­ші бөлім мен сән-сал­танаты жарасқан, қа­нық, шығыс нақышы, әзіл-қалжыңсыз құш­тар­лығы бар екінші бө­лім. «Шопениана» мен «Шехеразада»  шы­ғар­машыл тұлға Михаил Фокинге тие­сілі ХХ ғасырдың басын­дағы қос жауһар туынды қарама-қар­сылық қағидаты бойынша бір-бірінің ар­тықшылықтарын ба­сып-озып әрі көрер­меннің әсерін үдете отырып, бір сахна төрін­де кездесті.

Егемен Қазақстан
08.01.2019 6311
2

Романтикалық «Шо­пе­ниана»  – ерек­ше таны­мал­дылыққа ие спектакль, осынау бір бөлімді балет қойылмаған театрды атау қиынға соғар. Бұған қоса, қатар­дағы көрермен үшін әуедей қа­­лық­таған сильфида бейнесі ро­­ман­тикалық балеттің символы­на, оның айшықты белгісіне ай­нал­ды. 

«Астана Опера» қор­жынын клас­сикалық, нео­к­лас­сикалық және заманауи репертуардың ең озық үл­гілерімен толықтырып келе жатқан театр труп­пасының көркемдік жетекшісі Алты­най Асылмұратованың ай­­­туынша, бір қарағанда қара­пайым болып көрінетін бұл балетте оны орындаудағы күрделілік жатыр. Фо­кин спек­­таклінің негізгі кейіп­кері, мән-мазмұны би болып табылады – оның даму логикасы, қимыл-қозғалыс пен дене тұрысының толыққанды әсем­дігі. Балетмейстер би ар­қы­лы арман-қиял мен қор­қы­ныш-үрейдің музыкасын, адами қарым-қатынастың көзге көрін­бейтін әуенін жет­кізе білді. 

Шымылдық түріліп, біз­ге қаз қалпында жеткен роман­тика­лық балет көз алдымызда­ салтанат құрды. Александр Бе­нуа­ның эскиз­дері бойынша жа­салған (сценограф Виктор Караре) декорациялар уақыт қой­науынан орын алған көне нақыштар іспетті; көмескіленген жарық (жарық бойынша суретші Винценцо Рапони) ескі бекіністі тұ­ман арасынан көрінгендей етіп сәу­лелендіреді, сол көріністің аясында бозбала ақын мен сильфидалар шоғырының бей­несі байқалады. Сильфи­далардың салмақсыз, жеңіл костюмдері, қызғылт және ақ раушаннан жа­салған гүл шеңберлері, жинақы шаш үлгілері көріністі әдемі то­­лық­тырып тұрды (костюмдер бойынша суретші Арасель Дос­мұратова). Кордебалет әдет­тегіден де ерекше өнер көрсетіп, мұңды сұлулығымен баурап алды – балериналар XVIII ғасыр қағи­даларына сай шамалы ире­леңдеген дене икемділігін мең­герген, ал аспанда қалықтаған қол­­­дары қозғалыстың реттілігі мен үйлесімділігін паш етті.

Фокин Шопениананың екін­ші редакциясын таңға­жайып ұм­тылыспен үш күн ішінде қойып шық­ты, кор­дебалеттің кейбір көрініс­терін антракт кезінде шы­­мыл­­дық түрілер ал­дында ре­жис­серлерден тағы да сәл уақыт сұрап, сильфидалар тобының дене тұрысын реттей отырып, соңына жеткізді. «Асығыстықпен жасалған дүниелерді соңында өзгертк­ен емеспін, – деп еске алатын балетмейстер және оның хореографиясын орындаудағы аз-кем еркіндік танытқанға да күйзеле, қынжыла қа­райтын. «Сезіммен жасалып, ішкі ниеттен туындаған нәр­се ең дұрыс әрі нақты болып шығатын». «Астана Опера» театрының қойылы­мын­да автордың стилін барынша жеткізе отырып, сезімді де, күшті де са­қ­тап қалуға тырыстық. Көр­­­­­кем­дік жетекші бастаған тә­лімгерлер осыған бар күшін салды, әртістер де осыған ұм­тылды. Театрдың прима-балеринасы Мәдина Басбаева сильфиданың кемел бейнесін алып шықты, қарқынды Ма­зурка мен мұңды Жетінші вальсті ерекше стиль сезі­нушілікпен орындады. Екін­ші күні Әйгерім Бекетаева өз­і­нің сұңғақтығымен ХVIII ға­сыр­дағы романтикалық бале­ри­на­лардың на­қыш­тарын еске салды. Аделина Тө­лепова мен Әсел Шәй­кенова Он бірінші вальсті орындауда үздік болуға таласты, ал Марико Китамура мен Анастасия Зак­линская атақты Прелюдте бірнеше секунд арабескада қимылсыз тұрып, ғажап тепе-теңдік үл­гісін көрсетті. Боз­бала (Еркін Рах­метоллаев, Ол­жас Тарланов), сірә, осынау қиялшыл балеттегі жал­ғыз «жанды» кейіпкер еді, мұ­ның өзі орындаушылардың таза академиялық би, жеңіл секірулер мен дыбыссыз жер­ге түсу арқылы арманшыл ақынның жеңіл бей­несін құ­руларына кедергі кел­тірген жоқ. Балет бір деммен орын­далды және «Шопениана» кө­рерменнен бөлек театр афишасына маңызды стильдік бояу енгізді. 

Екінші балет – 1910 жы­лы Фо­кин арнайы «Орыс мау­­сымдары» үшін қойған «Шехеразада» тамаша ер­тегісі, шетелдің көптеген сах­наларында табысты жүріп жат­қанына қарамастан, «Шо­пенианадан» гөрі кеңестік ба­­­лет аумағында ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келді. Тек 1993 жылы Ресейдің халық әр­тісі Андрис Лиепаның қайта өңдеуінің арқасында өз отанына қайтарылған: «Мен М.Фокиннің түпнұсқа жаз­баларын тауып алдым, олар Санкт-Петербургтегі А.В.Луначарский атын­­дағы кі­тапханада тұр. 1957 жылы Ми­хаил Михайловичтің ұлы Ви­талий Фокин әкесінің құ­жаттары салынған екі үл­кен шабадан жолдады, мен он­да кордебалетке арналған бар­лық би қимылдарын, дене қалыптарымен байланысты ерекше тартымды нюанстарды көрдім. Бұдан бөлек, хореограф киносүйер жан болған әрі көптеп кино түсірген. Қазіргі таңда не­мересі Изабель Фокина бас­қарып отырған қорда М.Фокин мен оның ұлы түсір­ген 16 сағаттық деректі фильм­дер сақталған. Онда «Ше­херазаданың» дайындық сәт­тері бар, сондықтан қи­мыл­дар түпнұсқа жазбадан алынды», дейді ол бізбен ой бөлісіп.

Ұмыт болған жауһар туындыны көре алғаны үшін балетке құмар жандардың қуанышы арта түсті. Ал әр­тістер осы балетте көп нәр­­селерді үйрену және өз дарынын қалай көр­сету мүм­кіндігіне ие болды. Көптеген ойындар, қызықты пантомималар, актерлік жағынан қайта танылу кордебалет пен солистер үшін көрініс тұңғиығына енуге мүмкіндік берді. Тамаша Шопениана қойылымынан кейін өз мүм­кіндіктерін тексеру – шығыс ертегісінің бейнелі көрінісіне ену, осындай қарама-қайшы ойға шомылу әртістер үшін пайдалы, деп санайды Ал­тынай Асылмұратова. Театр­дың шеберханаларында сапалы дайындалған салтанатты костюмдер, көптеген аксессуарлар мен тұрмыстық заттар әртістерге, тіпті Стани­славкийше айтқанда, «алдағы уақыт жағдайында» жоғары деңгейде өнер көрсетуіне себеп болды. 

Сахнадағы Лев Бакс­тың эс­киз­дері бойынша  да­йындалған салтанатты де­корациялар (сурет­ші – Анатолий Нежный, костюмдер – Елена Нец­ветаева-Дол­галева) айтарлықтай  сүй­сіндірді. Ерекше жарасымды қызыл, жасыл, көк, күлгін, ақ­шыл күлгін түстер үй­лесімді ке­ңістікті құрған, мұнда махаббат, құмарлық, қызғаныш пен опасыздық та тамаша бейнеге ие болған. Спектакльді қоюшы Ан­дрис Лиепаның есептеуінше, «Ас­тана Опера» залы Шахриар шығыс са­райының ертегілік салтанатының жалғасы болатындай етіп, Бакстың сценографиясын айрықша бейнеде толықтыра түседі. Балетке арнайы жазылмаса да, Фо­кинмен жеткілікті түрде араластырылған Римский-Кор­саковтың бейнелі музыкасы ертегіге толы шығыстық оқиғаны керемет жеткізгені сон­шалық, көрермен қауым қанды шешімді күтумен болады. Қызыл еден – балетте сирек кездесетін жағдай, қайғылы финалды меңзейді, дегенмен де, ол күтпеген жайтқа айналады. Махаббат оргиясы көрінісінен кейін (театр әртістері пәктікпен, таза­лықпен орындаған) Шах­­риярдың қанды жазасы өзі­нің қарқынымен, шынайы­лы­ғымен таңдандырды, ал мұны Станиславскийше Михаил Фо­кин мұқият қоя білген!

Десе де, осынау балеттің құн­­­дылығы Зобеида мен Ал­тын құл­дың тамаша дуэ­тінде жатыр, бұл екеуі дуэтпен орын­далатын ада­жионың тең­дессіз бірегей бейнесі, олар концерттік бағдарламаларда да ұсынылады, тіпті спектакльден «жұлынып» алынса да, сондай әсерлі күш-қуат пен сиқырға ие болып қала бермек. Кейбір солистердің бұл дуэтпен бұрыннан таныс болғаны бекер емес.

«Бұған дейін Андрис Ма­ри­совичпен бірге жұмыс істеген едім, Киевке осы пар­тияны орын­дау үшін ша­қырылған солист болдым, сондай-ақ оны Түр­кия мен Беларусьте биледім. Бұл менің  байқауға қатысушы ретінде емес, биші ретінде шетелге шыға бастаған алғашқы рөлдерімнің бірі. Алтын құл –  сол кездің қымбат ойын­шығы тәрізді, керекті зат ретінде оны торда ұстаған. Бұл партия актер үшін де, биші үшін де сан қырлы. Тех­никалық жағынан ол өте күрделі: секірулерден бөлек, өзіндік айрықша иілгіштік бар. Мен құлдың әдеттерін көрсетуге тиістімін, сонымен қатар әлдебір жаңа дүниеге деген алып ұшқан ынтызарлықты жеткізуге тиіспін. Осы партияны бұрын-соңды орындағаныма қарамастан, өзім үшін жаңа дүниені ашатыныма сенімдімін» деп атап өтті премьера алдында театрдың жетекші солисі Бақтияр Адамжан.

Бас дайындық қарсаңында ол Мәскеуден оралды, ол жерде әртіс Майя Плисецкаяға ар­налған концертке қатысып, «Париж Құдай ана­сының соборы» және «Дон Кихот» ба­лет­теріне күрделі дуэттерді орын­­даған. Ол  әп-сәтте тұ­сау­кесерде еш қиындықсыз икем­ді, иілгіш, ләззат құмар әрі мықты жанға айнала кетті. Өзі­нің керемет икемімен, шыр айналуымен, мінсіз техникасымен Бақтияр Адамжан қазіргі заманның ең үздік бишісі деген асқақ мәртебені тағы бір рет дәлелдеді, ал өзінің секіруі мен әуеде қалықтап, ұшуы арқылы Алтын құлдың ең алғашқы орындаушысы – теңдессіз Вацлав Нижинскийдің бейнесін еріксіз түрде еске салды. Дегенмен, Зо­беида партиясын орын­дау­шы, балет солисі Анастасия Зак­линскаяның өнерінен де өткен күннің бейнелері көз алдымызға келді, оның асқан сұлулығы Ида Рубинштейнмен байланыс­ты болса, ал кейбір дене қа­лыптары мен тұрыстары, бас қи­­мылдары, қылық­тары ерекше теңдесі жоқ Зобеида – Алтынай Асылмұратованы еске салды. 

Осы партияны екінші күні орын­даған Cерік Нақысбековтің Алтын құлы нағыз жаңалық бол­ды. Керемет дайындығы, жақ­сы техникасымен қатар, тамаша келбетке ие әртіске Бакст стиліндегі салтанатты костюмдер мен шығыс гримі үйлесімді жараса түскен. Онымен бірге дуэт құрып жетекші балет солисі Гаухар Усина биледі, ол үшін бұл партия таныс. 

Музыка – осы қойылымдағы басты қатысушы бейнелердің бірі. Көрікті табиғат, Римский-Корса­ковқа тән музыка­ бас­тапқыда балетке емес, сим­фо­ниялық сюита ре­тін­де  жазыл­ғанына қарамас­тан, спектакль­дің драматургия­сын айқындай түседі. Алайда Фокин­нің увертюра ретінде берілген бағ­дар­ламалық туындының бірінші бөлі­мінде алдағы болатын дра­маның әсерлі бейнелері ашыла түседі. Зобеида тақырыбы шырқалады, осы  құштарлыққа толы скрипка үні (Қаламқас Жұ­мабаева, Бағдат Әбілханов) оркестрді соңынан жетелеп, бірде нәзік, бірде құштарлана тү­седі.

Спектакль соңында бі­рін­ші скрипка Қаламқас Жұ­ма­баева көрермен алдына шық­қан кезде, оның музыкаға толық­тай берілген өнерін сүйсіне тамашалаған жұрт неліктен залды жаңғырта қошемет көрсеткені түсінікті болды. «Астана Опе­ра» соңғы жаңалықтарының бірі – кейбір спектакльдер­де увер­тюра жоғарыға көтеріл­ген оркестрмен орындалады. Театрдың техникалық жабдық­та­луы спектакль барысында кө­рермендердің дирижер жұмы­сы мен музыкант­тардың өнерін тамашалай алуы үшін оркестр шұңқырын ешбір артық дыбыссыз көтеріп-түсіруге мүмкіндік береді. Қоюшы дирижер Арман Оразғалиев атақты композиторлардың партитураларына және балетке арналған дирижерлеуге өте мұқият назар аударған. 

Флюра МУСИНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу