Әлем • 08 Қаңтар, 2019

Жаһандық жылынудың салдары атом бомбасының күшімен теңеседі

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұхиттар климаттың өзгеруімен байланысты энергияның 90% -ын сіңіреді. Өйткені жаңа зерттеулер бойынша, соңғы 150 жылда айтарлықтай жылыну көрсеткіші байқалған.

Жаһандық жылынудың салдары атом бомбасының күшімен теңеседі

Жаңа зерттеулерге сәйкес, соңғы 150 жыл ішінде жаһандық жылынудың әсері бір секундтық атом бомбасының жарылуы салдарымен тең екені белгілі болды.

Парниктік газ шығарындылары арқылы пайда болатын жылудың 90%-ы мұхит арқылы және қалған бірнеше пайызы ғана ауа, су және мұз жабындылары арқылы сіңіріледі. Мұхиттарға келіп қосылатын энергияның үлкен мөлшері мұхит деңгейінің көтерілуіне және дауылдар мен тайфундардың күшінің артуына алып келеді.

Жылудың көп бөлігі мұхит түбінде сақталады, бірақ мұндағы өлшеу жұмыстары тек соңғы онжылдықта басталғандықтан, бүгін тек 1950 жылға дейінгі жылудың жалпы деңгейі туралы деректерге қол жеткізе аламыз. Ал жаңа жұмыстар 1871 жылға дейінгі деректерді алуға мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, мұхиттың жылыну деңгейі туралы ертеректегі деректерді білу алдағы климаттың өзгеруінің салдарын болжау кезінде аса  маңызды.

Guardian-ның есебі бойынша, 150 жыл ішіндегі орташа жылынудың күші Хиросимадағы бір секундтық 1,5 атом бомбасының күшімен деңгейлес болған. Бірақ осы уақыт ішінде жылынудың жылдамдығы артты, себебі көмірқышқыл газының бөлінуі ұлғайып, енді ол бір секундтық 3-6 атом бомбасының күшіне теңескен.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»