Әлем • 10 Қаңтар, 2019

Асхат Оразбай Қазақстанның Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Асхат Оразбай Қазақстанның Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.