Қ.Тоқаев: Депутаттардың Президент Стратегиясын насихаттау жұмысы үстірт болмауы керек

Бүгін Сенат Бюросының отырысы болды. Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік саладағы, сондай-ақ Жастар жылын өткізуге байланысты маңызды міндеттер бойынша депутаттар корпусы алдындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгіледі.

Егемен Қазақстан
10.01.2019 7103
2

«Сенаттың көптеген депутаты Парламентте аймақтардың мүддесіне өкілдік етеді. Депутаттар корпусы мен атқарушы билік органдары, ең алдымен, ел аймақтарындағы әлеуметтік мәселелер мен тұрғындардың мұң-мұқтажына баса назар аударуы тиіс. Қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу үшін алдын алу шаралары жедел түрде әрі уақытында қабылдануы керек», - деді Сенат Төрағасы.

Қ.Тоқаев депутаттарды, орталық және жергілікті билік органдарын қоғам өміріндегі әртүрлі жағдайларды нақты әрі дәлме-дәл жеткізу үшін әлеуметтік желілерді сауатты, жауапкершілікпен әрі білікті түрде пайдалануға шақырды.

Сенат Төрағасының пікірінше, әлем әлеуметтік-экономикалық және саяси дүрбелең кезеңіне тап болды. Қазақстан өзінің күмәнсіз жетістіктерімен қоса, өкінішке қарай, нашар тұстарымен де күллі жаһандық қоғамдастықтың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Қ.Тоқаев бұл жағдайда біздің Президент Стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін жұртшылыққа жеткізу жөніндегі жұмыстардың үстірт, таптаурын сипаттан арылуына депутаттардың назарын аударды. «Біздің мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы мазмұнды әрі қызықты пікір алмасу болуы тиіс», - деді Төраға.

Қ.Тоқаев Жастар жылына байланысты бірқатар ұсыныс айтты. Оның айтуынша, еліміздегі белсенді әрі білікті жастардың өкілдерін мемлекет мүддесін ілгерілету ісіне тарту мақсатында сенаторлардың белсенді жұмыс істеуі қажет. Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Сенатта өтетін іс-шараларға, оның ішінде жалпы отырыстар мен комитеттердің астаналық және аймақтық жоғары оқу орындарының студенттерін, кәсіпорындардың жас жұмысшылары мен компаниялар қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастыруды ұсынды. Қ.Тоқаев қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде «Жас Отан» өкілдерінің қатысуымен мемлекеттің жастар саясаты мәселелері бойынша арнайы шаралар өткізуді жөн санайды.

Қ.Тоқаевтың сөзінде айтылған өзекті мәселелер бойынша Бюро мүшелері мүдделілік тұрғысында пікір алмасты.

Бюро отырысында Палатаның 17 қаңтарда болатын кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

Депутаттардың қарауына Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көші-қон және азаматтардың орын ауыстыруы мәселелерін реттейтін үш келісімді ратификациялау туралы заң жобалары енгізілді. Атап айтқанда, Сенат көші-қон саласындағы ынтымақтастық, адамдардың реадмиссиясы, Қазақстан азаматтарының Тәжікстан аумағында және Тәжікстан азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы үкіметаралық келісімдерді талқылайды. Одан басқа, Палата Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарайды.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары бас комитеттерге бөлініп берілді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бойынша Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік  комитеті бас комитет болып белгіленді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2019

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

20.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

20.03.2019

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

20.03.2019

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгереді

20.03.2019

Михал Билек: Біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін

20.03.2019

Қарағандыда ғарышта болған долана тұқымы отырғызылады

20.03.2019

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев аты беріледі

20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

20.03.2019

Н.Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

20.03.2019

Шымкенттегі Астана даңғылы Nazarbayev даңғылы болып өзгерді

20.03.2019

Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

20.03.2019

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысына қатысты

20.03.2019

Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдарға оралман мәртебесі ұзартылды

20.03.2019

Теміржолшы Жанар Тоғаеваның ең басты қызығушылығы – ұлттық костюмдер тігу

20.03.2019

«Золотой граммофон» музыкалық сыйлығына қатысушылардың есімдері белгілі болды

20.03.2019

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде кадрлық тағайындаулар болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу