Керей Қойшыбек: Адамның тәні қартайса да, жаны қартаймауы керек

Керей Қойшыбекті спортсүйер қауымға таныстырып жатудың қажеті шамалы. «Самбо күресінің академигі» атанған айтулы азамат табаны күректей 18 жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды. 1992-2010 жылдар аралығында біздің  жігіттер тек әлем чемпионаттарында ғана 10 алтын және 50-ге жуық күміс пен қола медальді олжалады. Ал одан бөлек, әлем кубогы, Азия біріншілігі және басқа да аса ірі халықаралық додалар бар. Бұл жарыстарда да Қойшыбектің шәкірттері оза шапты. Сонымен қатар, білікті бапкер еліміздің жастар құрамасын 10 жыл жаттықтырды. Осы  кезеңдердегі табыстардың барлығын тізбелейтін болсақ, отандық спортымыздың өркендеуіне Керағаңның сіңірген еңбегі орасан зор екеніне анық көз жеткіземіз.

Егемен Қазақстан
11.01.2019 4150
2

– Керей аға, білікті бапкер ретінде сіздің даңқыңыз шар­­­тарапқа таралғаны дүйім жұртқа мәлім. Алайда балуан ретінде жолыңыз әсте оңай болмаған сыңайлы. Олай деуге негіз, «КСРО спорт шеберінің» күміс белгісін 28 жасыңызда кеу­деге таққан екенсіз. Спорт­тық өлшем бойынша бұл тым кештеу емес пе? 

– Ауылда өскен әрбір баланың балуандық өнерге бейім келетіні бесенеден белгілі. Алайда көп жағдайда өздерінің мықтылығын мойындатуға олардың мүмкіндігі бола бермейді. Мен де сондай сүрлеуі көп соқпақтан өттім. Ба­ла кезден өз қатарластарыммен алысып-жұлысып өстім. Ата-анама қолғабысымды тигізу үшін қара жұмысқа ерте аралас­тым. Күш-қуатым ешкімнен кем емес еді. Болашақта мықты балуан болуды да армандадым. Бірақ туған жерім – Тарбағатай тауының етегінде орналасқан Ақсуат ауданының Алғабас ауы­лын­да арнайы спорт үйірмесі бол­мағандықтан жас кезімде кәсіби түрде балуандық өнерге бет бұрудың реті келмеді. 

1965 жылы орта мектепті аяқтағаннан соң бірден Семейге тарт­тым. Оқуға түсе алмай,­ бір жылдай баржада ұн тасы­дым. Қауырт жұмыстан қо­лым қит етсе, спортзалға асыға­тын­­­­мын. Ол жерде білікті бапкер­­ Марат Имашевтің қол ас­тын­да жаттықтым. Сам­­боның қыр-­сырына енді ғана қа­ныға бас­тағанымда Қарулы Күштер қа­тарына шақырылдым. Жалын­дап тұрған үш жылым Еділ өзе­нінің жағалауында өтті. 1969 жы­лы әскерден оралғаннан соң Алматыға келіп, Қазақ де­не шы­нықтыру институтына құ­­жаттарымды тапсырдым. Жо­­лым бірден оңғарылмай, қа­тарынан екі жыл оқуға түсе алмадым. Сол кездері ашқұрсақ қал­мау үшін әр жерде қара жұ­­мыс істеп, нәпақамды тауып жүрдім. Осындай қиын шақта да­ спорттан қол үзген жоқпын. Мәс­кеуден оқып келген Асқар Асубаев сынды мықты бапкерден тәлім-тәрбие алдым. Әуелде ол «Жасы 22-ге таяған жі­гіттен пәлендей нәтиже күту екіталай» деп мені өз үйірмесіне қабылдамай қойған еді. Алайда мен алған бетімнен қайтпадым. Уақыт оза екеуміз ортақ тіл табысып, жүйелі түрде жұмыс істей бастадық. Шеберлігім шың­дала келе, түрлі жарыстарда жүлделі орындарды иелендім. Ал 1972 жылы оқуға түскеннен кейін сүйікті ісіммен түбегейлі айналысуға мүмкіндік алдым. Соның арқасында көрсеткішім күн санап жақсара түсті. 1975 жылы самбодан Қарағандыда өт­кен бүкілодақтық турнирде күміс медальді иеленіп, спорт шебері нормативін орындадым. Ол кезде 28 жаста едім. Одан бөлек, дзюдодан студенттер арасындағы ел біріншілігінде екінші орынды еншіледім. Басқа да түрлі додаларда жеңіс тұғырына көтерілдім. Бірақ жасың 30-ға таяған тұста жалындап тұрған жігіттермен алысып-жұлысу қиын екен. Осы­ның барлығын ескере келе, 1976 жылы боз кілеммен қош айты­сып, бапкерлікке түбегейлі мо­йын­ бұрдым. 

– Диплом алғаныңызға бар-жоғы бес-алты жыл өткеннен соң республикамыздың жас­­­­өс­­пірімдер мен жас­тар құ­ра­­ма­сының аға жаттық­ты­ру­шы­­сы болып тағайын­дал­дыңыз. Бап­кер­лік кәсіпте бағыңыз бірден жан­ған екен...

– Институтты аяқтағаннан кейін Алматыдағы зоотехниктер мен мал дәрігерлерін даярлайтын институтқа жаттықтырушы болып жұмысқа орналастым. Өзімнің жаныма жақын кәсіп болғандықтан, бұл іске бел шеше кірістім. Еңбектендім, іздендім, студенттерді жақсылап баптадым. Бірте-бірте шәкірттерім түрлі жарыстарда оза бастады. Олардың алды бүкілодақтық до­даларда дараланып, еліміздің маңдайалды балуандарына айналды. Араларында «Спорт шебері» атанғандары да бар. Сөй­тіп, айналдырған алты жыл аралығында институтымыздың атағы біраз жерге жайылды. Соны ескерген спорт басшылары Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамасын жаттық­тыруды маған сеніп тапсырды. Бұл қызметті де абыроймен атқаруға тырыстым. Кең-бай­­­тақ еліміздің әр қиырынан жи­налған балғын балуандарға бар білгенімді үйретіп, үлкен аламанға қостым. Ерен еңбегім еш кеткен жоқ. Жас өрендеріміз көптеген дүбірлі додадан олжалы оралып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. 

– Иә, 1982-1992 жылдар ара­­лығында республикамыз­­­­дың жасөспірімдер мен жастар құрамасы талай биік белестерді бағындырғаны баршаға мә­лім. Ал Тәуелсіздіктің таңы ат­­­­­­қан­­­­нан кейін сіз ұлттық ко­ман­­­­дамыздың тізгінін ұстап, та­лай байрақты бәсекеге Қа­зақ­­станның белді балуандарын бас­тап апардыңыз. Ел эко­но­микасы еңсе тіктей алмай жат­қан тұста отандық самбоны өрге сүйреу де оңай бол­маған шығар...

– Самбо Олимпия ойында­­­рының бағдарламасына енбеген. Сол себепті де мемлекет та­­­­ра­пынан спорттың бұл түріне бөлінетін қаржы да мардымсыз. Бұрындары қиын еді, қазір де шекеміздің шылқып тұрғаны шамалы. Әлі есімде, тоқсаныншы жылдардың басында Моңғолияда Азия чемпионатының жалауы желбіреп, біз де сол жарыста бақ сынауға бел будық. Заманның қиын кезі еді ғой. Ел экономика­сы әлсіз, халықтың тұрмысы на­шар. Шет мемлекеттерде өте­тін спорттық сайыстарға қатысу үшін бапкерлер мен спортшылар үнемі сабылып ақ­­ша іздеп, түрлі кеңселердің табалдырығын тоздырып жүре­тін. Ондай жағдай біздің де басымыздан өтті. Әйтеуір, сол жо­лы қиыннан қиыстырып жү­ріп, Қазақстанның ересектер, жас­тар және жасөспірімдер құра­масын сары құрлықтың басты до­дасына апаруға мүмкіндік ал­дық. Жетер-жетпес ақшамызды үнем­деу үшін барып-қайтудың ең арзан жолын таңдадық. Содан Алматыдан шығып, сонау Байкал көлінің жағалауында орналасқан Ир­кутск қаласына дейін бірнеше тәулік бойы пойызбен жеттік. Ол құрғырың әр бекетке тоқтап, аялдаған жерінде ұзақ тұрады екен. Ресейдің біраз аймағын шарлағаннан кейін тозығы жеткен бір автобусқа отырдық. Сал­дырлаған көлік Ұлан-батырға дейін бір тәуліктен аса жүрді. Ол аз­дай, біз мінген пойыз бен автобуста жылу атымен жоқ. Ал далада қақаған қыс. Күн суық. Боран ұлып тұр. Қалың киініп, көрпеге оранған күйі күнді де, түнді де өткіздік. Белгіленген межеге тоңып, тоз-тозымыз шығып, әбден шар­шап, қалжыраған күйде жеттік. Соған қарамастан біздің спортшылар Азия чемпионатында керемет өнер көрсетіп, елге мол олжамен оралды.  

– Сіз ұлттық құрама коман­­­да­­­сының тізгінін ұстаған 1992-2010 жылдар аралығында Қа­зақ­­станның 60-қа жуық самбо­шысы әлем чемпионатында же­ңіс тұғырына көтерілді. 10 өре­німіз айтулы жарыстың бас жүлдесін олжалады. Әрине, бұл өте жақсы көрсеткіш! Ал осындай деңгейге жетуі үшін спорт­шының бойында қандай қасиеттер болуы керек? 

– Төрткүл дүниені мойында­тып, әлем чемпионы атағына қол жеткізу тек дара туған тұлға­лар­­­­дың ғана пешенесіне жазылатын бақ. Ол үшін адам бойында сан алуан қасиеттің болуы шарт. Ақыл-ой, айла-тәсіл, күш-жігер, зер­де мен парасат, зеректік пен алғырлық, қайсар мінез, қажыр мен қайрат, жанкештілік пен жанқиярлық, төзімділік пен та­­бандылық, темірдей тәртіп пен ерен еңбек, жеңіске деген құштарлық... Осылардың бар­лығы қажет. Бапкерлік мек­теп­тің мықтылығы, ұстанған ба­ғыт­тың дұрыстығы, ұстаз бен шәкірт арасындағы ішкі гармония, өзара түсіністік, ауыз­біршілік, сыйластық... бәрі-бәрі керек. Ме­нің қол астымда жат­тыққан ба­луандар арасынан Асхат Ша­харовты бөле-жара атар едім. Әлем чемпионы атану үшін спортшыға қандай қасиет қа­жет болса, соның барлығы осы жігіттің бойынан табылды.­ Со­ның арқасында адуынды Асхат бір емес, үш рет әлем чем­пионы атанып, Алаштың мақтан тұтар ұлына айналды. Көп кешікпей Ерболат Байбатыров өзіндік мәнері, өзіне ғана тән өнерімен көптің ішінен суырылып шықты. Ерболат төрт рет төрткүл дүние­нің теңдессізі деп танылып, Асхат Шахаровтан да асып түс­ті. Әр жылдары әлем чемпио­ны атағына қол жеткізген Ба­уыр­жан Садыханов, Қоныс Жет­пісов, Дәурен Жайнақов және Азамат Мұқанов сынды жа­лынды жігіттерді қалай мақ­тасақ та жарасады. Өздерінің ең­­бек­қорлығы мен жанкештілігі, та­бандылығы мен төзімділігінің арқасында олар да көз арбаған биіктерді бағындырды. Сонымен қатар, 1996 жылы Токиода Сәуле Ғабдуллина және 2007 жылы Прагада Раиса Баялиева әйелдер арасында әлем чемпионы атанды. Айтулы қос балуанның дүбірлі додаларда даралануына менің де сіңірген еңбегім бар деп еш қымсынбай айта аламын.

– Әр бапкердің іште кеткен бір арманы болатыны анық. Сіздің де «әттеген-ай!» деген кездеріңіз болған шығар? 

– Менің алдымнан сан мың­ балуан өтті. Араларында ай­рықша дарындысы да болды. Бұла күштері бойына сыймай тұрған дүлей күш иелері де кездесті. Бірақ әлем чемпио­ны атану бақыты олардың бар­лы­ғына бірдей бұйырған жоқ. Әр жылдары дүниежүзілік додада жүл­де алған Руслан Сейілханов, Зе­кен Шәймерденов, Фархад Әбдәлімов, Берік Жетпісбаев, Қорған Тұрымбетов, Дінмұхамед Мүсірәлиев, Қайрат Күнсафин, Ерлан Тәжіков, Арман Әбеуов, Айдар Қайырбаев сынды сайдың тасындай саңлақтар алтын тұ­ғырда марқайып тұруға лайық еді. Бірақ біреуінің бағы жанбады, бәзбіреулер арамза төрешілердің қитұрқы ойынының құрбаны болды. Ал кейбір жігіттерге жай ғана спортқа деген адалдық жетпеді. Соның салдарынан көз­деген мақсаттарына жете ал­­май, қалың топтың арасында қалып қойғандары қаншама! Ме­ні өкіндіретін осы жағдай. 

– Сіздің тәртіп мәселесіне қатты қарайтыныңыз белгілі. Кейбір кезде «спортық режімді бұзуға болмайды» деп өз туыс­тарыңыздың тойына да бармай қояды екенсіз. Сол рас па? 

– Әрине, тойдың көп болғаны жақсы ғой. Бірақ әр нәрсе өз орны, ретімен болуы керек. Бастапқы кезде шәкірттерім «Ағамның тойы еді, апамның туған күні еді,­ құда-жегжаттың юбилейі еді» деп менен жиі сұранатын. Бі­рақ мен спорттық режімді бұ­зуға түбегейлі қарсымын. Өйт­кені темірдей тәртіп бар жерде ғана нәтиже болады. Бүгін той, ертең қонақ шақырумен жүр­ген спортшы да, бапкер де еш өспейді. Осы қарапайым ғана қағиданы айналамдағы адамдарға ұғындыруға тырыс­тым. «Бүкіл жан-дүниеңмен спортқа беріл. Қызық қуа бермей, таңдаған кәсібіңе адал бол. Сон­да ғана нәтиже шығады. Егер де оны қаламасаң, спорттан қол үз де, той тойлап жүре бер» деп сан мәрте шәкірттеріме зекіп те тастағанмын. Бір білетінім, боз кілем босаңдықты көтермейді. Режім бұзылса, береке кетеді. Бе­реке кетсе, табыс болмайды. Балуандарға да, басқаларға да үлгі болсын деп, өзім де талай тойдан саналы түрде бас тарттым. Етжақын адамдарыма да «жаттығу жиыны өтіп жатқан кезде мазаламаңдар» деп те талай мәрте ескерттім. Осылайша біраз ағайынның өкпесіне қалдым. 

–Демалыс күндері шәкірт­­тері­­ңізді ертіп, Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы дра­ма театрына да бара жатқаны­ңызды да талай жұрт көріпті...

– Театр – киелі жер. Ол жерге адам рухани ләззат алу үшін барады. Мен шәкірттеріме соны түсін­діргім келді. Жаттығудан қо­лымыз қалт етсе, оларды театр­ға жетелеймін. «Кітап, газет-журнал оқыңдар» деп балуан­дарға үнемі айтып отырамын. Өйткені спортты қойғаннан соң да өмір жалғасады. Сол кезде олар тура жолдан адасып қал­маса екен деп тілеймін. Мен шәкірттерімнің білімді болғанын қалаймын. Ал көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар өмірдегі өз жолдарын табады. Сол себепті де демалыс күндері ұлттық құрама мү­­­­шелерінің барлығын Мұхтар Әуезов атындағы театрға ертіп апаруды дағдыға айналдырдым. Ешқайсысын қазақ, орыс деп бөлмеймін. Бір күні қазақ тілін білмейтін бір топ балуан: «Керей аға, театрға бармасақ бола ма? Біз бәрібір қазақша тү­сінбейміз ғой», – деп кетуге оқ­талды. Ашуым келсе де, са­быр­ сақтадым. Содан мен «Театрдағы қойылымды түсіну үшін тіл білудің еш қажеті жоқ. Әр­бір сәтті жүрекпен се­зін­сеңдер де жеткілікті» деп бар­лы­ғын қайта киелі шаңыраққа кіргізіп жібердім. 

– Сіз бүкіл саналы ғұмы­­рыңызды қызығынан гөрі шы­жы­ғы көп самбо күресіне арна­дыңыз. Болашағы бұлың­ғыр, қаржысы мардымсыз спорт түрі сізді жалықтырған жоқ­ па? 

– Жасыратыны жоқ, ондай сәттер де болды. «Осындай бей­неттің маған қажеті қанша» деп, сан мәрте қолды бір сілтегім де келген. Бірақ мен самбоны шексіз сүйетін адаммын. Бүкіл саналы ғұмырымды осы салаға арнадым. Кезінде спорт басшылары тарапынан «Алматыдағы спорт мектептерінің бірін бас­қа­рыңыз», «Дзюдошылар командасын жаттықтырыңыз» деген ұсыныстар да түскен. Ше­телдіктердің де қолқа салғаны бар. Өзгесін айтпағанда, сонау Панама елінен шақырту ал­ған­мын. Алайда жастайымнан се­рік еткен өнерді ешнәрсеге ал­мастырғым келмеді. 

– Керей аға, зейнет демалысына шықсаңыз да әлі спорт­ты серік етіп келесіз. Ар­­­да­­­­гер­лер арасында өтетін дү­­­бірлі додаларда да атой салып жүр­сіз. Әңгімеміздің со­ңында сол табыстарыңыз жайын­да қыс­қаша айта кет­сеңіз?  

– Өмір бойы осы салада жүр­ген адамға өзінің сүйікті кәсі­бінен бірден қол үзіп кету оңай емес екен. Мен зейнетке шық­қаныммен, үлкен спорттан алыс­таған жоқпын. Бас бап­керлік қызметтен кеткеннен кейін де балуандық өнерді өр­кендетуге бір адамдай-ақ ат­са­лыстым. Бірер жыл дзюдодан Қазақстанның қыздар құ­рамасын жаттықтырдым. Рес­публикамыздың біраз ай­мағында еңбек еттім. Әлі де ақыл-кеңес сұрап келген балуандарға бар біл­генімді үйретіп жүрмін. Сонымен қатар ардагерлер арасындағы жарыстарға да ара-тұра қатысып тұрамын. 2007 жылы Ташкентте самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионы атандым. Осы­лайша 60 жылдық мерейтойыма өз-өзіме керемет сый жасадым. Көп ұзамай жоғарыдағы көр­сеткішті тағы бірнеше мәрте қай­таладым. Дзюдодан да қара жаяу емеспіз. Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжаласам, Германиядағы додада күміс медальді мойныма ілдім. Әлі де күресіп, жақсы нә­­­тиже көр­сетуге болатын еді. Бі­рақ ше­телге шығуға қаражат жоқ. Со­ның салдарынан талай бай­рақты бәсекеден шет қалдым. 

Мені қынжылтатын бір жайт – қазіргі кезде жасы қырықтан асқандар арасында өздерін қарт адамдай сезінетіндер жетерлік. Алпыс жасында еш нәрсеге жарамай жатқандар тіптен көп. Бірақ менің бір түсінгенім, адам­­­ның тәні қартайғанымен, жа­­ны еш­уақыт­­та қартаймау керек. Ер-аза­мат өзін қашанда сер­гек сезі­нуі қажет. Сол үшін спорт­пен шұғылданудың ма­­­ңызы өте зор. Ең болмағанда, күн сайын ең қарапайым жат­тығулар жасап тұрыңыз. Оның да пайдасы зор. Жалпы рухы түскен адамдардың сағы тез сы­нады. Ондайда кәрі­лікке бой алдырасың. Кәрілік сені қажы­тады, жаныңды жегідей жейді. Бұл – жақсы нәрсе емес. Ал спорт­­ты серік етсеңіз, жоға­ры­дағы жайттың барлығы ұмы­ты­лады. Есіңізде болсын, үнемі сер­гек жүретін рухы биік адам еш­­уақытта қартаймайды. Оған менің көзім әлдеқашан жеткен! 

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу