11 Қаңтар, 2019

Елбасы Мырзатай Жолдасбековпен кездесті

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Мырзатай Жолдасбековпен кездесті

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

М.Жолдасбеков Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттарды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.