Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019

Қызылордалық кәсіпкерлер Түркияда жүр

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен бір топ кәсіпкер Түркияның Ыстамбұл қаласына барды.

Қызылордалық кәсіпкерлер Түркияда жүр

Қызылордада индустриялық аймақ ашылған. Ондағы жобаларды іске асыру үшін тек ынта ғана емес, осы өткелектен табысты өткен елдердің тәжірибесі мол керек. Түркия мемлекеті жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемде жетекші елдердің біріне айналып келеді. Сондықтан да қызылордалық кәсіпкерлер халық бұйымын жиі тұтынатын жеңіл өнеркәсіп орындарына атап айтқанда, киім, шұлық және аяқ киім шығаратын цехтарында болып, жұмыстарымен танысты.

Бұл турдың тағы бір пайдасы кәсіпкерлер біліктілігін арттырып қана қоймай, Түркиядағы әріптестермен бірлескен кәсіпорындар да құра алады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы