Әлем • 12 Қаңтар, 2019

Париждегі жарылыстан 4 адам көз жұмды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі наубайхананың бірі өртке оранды

Париждегі жарылыстан 4 адам көз жұмды

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 4 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған. Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 9 шамасында болды. Жарылыс салдарынан  жақын маңдағы үйлердің терезелері шытынаған. 

Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер және полицейлер жұмыс істеп жатыр. Жарылыс болған жерге ел премьері Эдуар Филипп пен қала мэрі Анн Идальго барып, жағдаймен танысты. 

Сондай-ақ Қазақстанның Франциядағы дипломаттары зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр.