Әлем • 13 Қаңтар, 2019

Электр көліктерін өндіруге 300 миллиард доллар бөлінеді

508 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік авто өндірушілер электр көліктеріне 300 миллиард доллар қаржы бөлуді жоспарлап отыр.  Reuters агенттігі жүргізген зерттеуге сүйенсек, авто нарықтағы инвестицияның 45 пайызы Қытайға құйылады екен.

Электр көліктерін өндіруге 300 миллиард доллар бөлінеді

Авто өндірушілер алдағы 5-10 жылда аккумуляторлар мен электромобильдерді дайындауға және сатып алуға қомақты ақша бөледі. Алпауыт компаниялардың мұндай қадамға баруы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне, мемлекеттік саясатқа байланысты. Сондай-ақ аккумуляторлардың құны азайып, технологияның күрт дамуы осындай қадамға себеп болып отыр.

Reuters келтірген деректерге сүйенсек, электр көліктеріне көп қаржы болған германиялық Volkswagen компаниясы екен. Олар 91 миллиард доллар инвестиция жасауды көздеп отыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл – Египет пен Чилидің экономикасынан көп.

Электр автомобиль нарығына бөлінетін қаржының 135 миллион доллары Қытайға салынады. «Аспан асты елінде» үкімет бекіткен квоталар, несиелер мен ынталандыру жүйесіне иек артқан. Сондықтан, Қытайдағы негізгі авто өндірушілердің жұмсайтын қаражаты Volkswagen, General Motors секілді компаниялармен теңесуі мүмкін.

Volkswagen / Audi / Porsche/Германия

2018 жылдың желтоқсанында VW 2025 жылға дейін электромобиль саласындағы бастамаларға 34 миллиард доллар және аккумулятор сатып алуға 57 миллиард доллар жұмсауды жоспарлағанын жариялады. Ол 2025 жылға қарай Audi-ге арналған электрлендірілген 12 модельмен қоса,50 аккумуляторлық және 30 гибридтік модельді таныстыруды жоспарлап отыр.

VW компаниясы 2022 жылға қарай SAIC, FAW және JAC сияқты қытайлық әріптестерімен бірге электрлі автомобильдерді өндіруге 17 миллиард доллар бөледі.

Daimler (Mercedes / Smart)/Германия

Daimler 2030 жылға қарай гибридтер мен отын элементтерін қоса алғанда 130 электромобильді таныстыруды, сондай-ақ аккумуляторлар үшін 30 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр.Ол BAIC-пен бірге Қытайға 1,9 миллиард доллар қаржы бөліп, Қытайда Smart EVs жасау үшін BJEV-мен келіссөздер жүргізеді.

Hyundai / Kia/Оңтүстік Корея

Hyundai және Kia-ның филиалымен бірігіп электр және өздігінен жүретін көлік құралдарын жасауға 5 жыл бойы 20 миллиард доллар бөледі. 2025 жылға қарайкомпания 14 таза электромобильді, 12 гибридті және екі электр-жанармай көліктерін шығарады. Hyundai жанармай қозғалтқыштарына 6,7 миллиард доллар инвестиция бөледі, сондай-ақ электр көліктерді дамыту алаңдарын күшейтпек.

Changan/Қытай

Changan 2025 жылға қарай 21 жаңа электромобиль және 12 жаңа гибридті шығарады. Электр көліктерге арналған жалпы бюджет 15 миллиард долларды құрайды.

Toyota/Жапония

Тойота 2030 жылға дейін батареялар технологиясына$ 13,5 млрд инвестиция құяды. Оның электромобильдерді әзірлеуге және өндіруге арналғанMazda және Denso-менортақ кәсіпорны бар. Тойота 10 электрлендірілген модельді2020 жылға қарай, ал барлық модельдердің электрлендірілген нұсқасын 2025 жылға қарай іске қосуды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 5,5 миллион электромобиль сатылады деп күтілуде.

Ford/АҚШ

Олардың жоспары бойынша, 2022 жылға қарай 24 жаңа гибридтік және 16 жаңа аккумуляторлы электромобильді іске қосады. Фордтың Қытайда 750 миллионов доллар тұратын Zotye-мен ортақ электр көлігін шығаратын кәсіпорны бар.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»