Қоғам • 14 Қаңтар, 2019

Бақыт дегеніміз – отбасы

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалғызілікті әйелдер ша­ңырақ кө­термеген еркектерге қарағанда өз­дерін бақыттымыз деп есеп­тей­ді. 

Бақыт дегеніміз – отбасы

Бұл тенденция 45 жас­тан асқан әйел­дерге тән құбылыс болып шық­ты. Ер-азаматтардың 49 пайы­зы осы бой­дақ күнімізге разы­мыз десе, нәзік жан­ды­лар­­дың 69 пайызы бой­дақ тірші­ліктеріне ри­за екендерін айт­­қан. Ма­ман­дар бұл құ­былысты әйел адамдар­дың жауап­кер­­ші­ліктен қа­шып, өзіне ана­лық міндетті алғы­лары кел­мегендіктен дейді.

– Тұрмыстағы әйел үй ша­руасы­на көп уақытын бөліп, отбасы құн­дылықтарын жоға­ры бағалап, соның ұйыт­қысы болуы үшін бар күштерін жұмсайды. Соған сәй­кес күйеу­­ле­рі де бейімделіп, көп жағ­дайда әйелдерінің кө­ме­гіне сүйенеді. Бәлкім, тұр­мысқа шығуды қаламайтын бойжеткендердің баламалы спектрі кең шығар, – дейді Эссекс университетінің профессоры Эми­ли Гранди.

Түйін 

Әлемдегі бұл құбылыс уа­қыт өткен сайын кеңейіп ке­ле­ді. Әйел затының бір әулет­тің түтінін түтетіп отыр­­ғаны – ешқандай бала­маға тең кел­мейтін бақыт емес пе?!