​Б. Атамқұлов Сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанның қатысуымен өткен алғашқы кездесуіне қатысты

Самарқанда Ауғанстанның қатысуымен «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
14.01.2019 4021
2

Іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «Біздің Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы елдермен тату көршілестік және одақтастық қатынастарды нығайтуға үнемі назар аударады, ал Орталық Азия елдерінің географиялық және мәдени-тарихи жақындығы, дәстүрлі орнатылған өндірістік байланыстар, экономиканың біртұтастығы Орталық Азия елдерінің арасында терең интеграциядан басқа балама қалдырмайды», - деп атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия елдері мен Үндістанды жақындастыруға, сондай-ақ Орталық Азия елдері экономикасының өсуіне серпін беретін өткен кездесудің маңыздылығын атап өтті. «Astana Hub» Халықаралық IT стартаптар технопаркі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Үндістанмен медицина, фармацевтика, жаңа технологиялар және қаржы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді. Аймақтың транзит-көліктік әлеуетін арттыру мақсатында Орталық Азия - Үндістан бағытындағы жүктерді тасымалдау үшін Қазақстан - Түрікменстан - Иран және Қазақстан - Өзбекстан - Түрікменстан - Иран теміржол маршруттарын Чабахар портымен байланыстыратын барлық Орталық Азия елдерінің қатысуымен консорциум құру идеясы айтылды.

Іс-шара барысында экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ Ауғанстанның тұрақтандыру және экономикалық дамуына ықпал ету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, өзара сауда-саттықты белсендету, іскерлік ассоциациялардың тікелей байланыстарын кеңейту, Орталық Азия елдерінің транзит және көлік-коммуникациялық әлеуетін дамыту, халықаралық және аймақтық көлік дәліздерін құру бойынша бірлескен бастамаларды алға жылжыту, үндістандық инвестициялар, инновациялар және технологияларды Орталық Азия елдеріне тарту мәселелері қозғалды, оның ішінде өнеркәсіп, энергетика, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және т.б.

Кездесу қорытындысы бойынша Диалогқа мүше-елдерінің сыртқы істер министрлері Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Тараптар Үндістан мен Орталық Азия елдерінің арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықтың серпінді және жемісті дамуын атап өтіп, аймақты қауіпсіз, тұрақты және орнықты дамыту мақсатында аймақтық ынтымақтастықты, өзара қолдауды, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуді растады.

«Үндістан - Орталық Азия» Диалогы шеңберіндегі алғашқы министрлік кездесуді өткізу туралы ұсыныс алдында 2012 жылдан бері өткізілетін сарапшылар деңгейіндегі бірқатар кездесу болды. Осындай кездесулерді өткізу туралы бастаманы Үндістанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі кеңесі (Indian Council of World Affairs, ICWA) ұсынды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу