Қаржы • 14 Қаңтар, 2019

2018 жылы Қытайдың сыртқы сауда айналымы $4,6 триллионды құрады

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылғы есеп бойынша Қытайдың сыртқы тауар айналымы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 4,62 триллион долларды құрады. Бұл нәтиже 2017 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға жоғары деп мәлімдеді ҚХР Бас кеден басқармасының ресми өкілі Ли Куйвэнь.

2018 жылы Қытайдың сыртқы сауда айналымы $4,6 триллионды құрады

«Биыл еліміздің экспорты мен импорты рекордтық көрсеткішке жетті, демек алдағы уақытта да әлемдік деңгейде ірі сауда державасы болып қаламыз деп үміттенуге себеп бар. 2018 жылы доллар есебімен Қытайдың жалпы сыртқы тауар айналымы 4,62 триллион долларды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,6% - ға көп» деді Ли Куйвэнь.

Оған қоса Қытай экспорты 2018 жылы 9,9% - ға өсіп, 2,14 триллион долларды құраса, импорт-15,8% - ға өсіп, 2,14 триллионға жетті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімінің оң сальдосы 546,8 миллиард долларды құрады.