Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Ауғанстандағы жарылыста 4 адам қаза тапты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанда қуатты жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 90-ға жуығы жарақат алды.

Ауғанстандағы жарылыста 4 адам қаза тапты

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 14 қаңтар күні кешке миналанған жүк көлігі жарылған. Қаза болғандардың үшеуі әскери қызметші, біреуі азаматтық тұлға болған.

Зардап шеккендердің басым көпшілігі қарапайым тұрғындар. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жарақаттанғандар арасында 23 бала мен 12 әйел бар.

Ел президенті Ашраф Гани шабуылдың исламға қарсы бағытталғанын атап өтті. Президенттік сарайдың мәлімдемесінде А.Гани тиісті органдарға шабуылды жіті тергеуді және зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына қол ұшын беруді тапсырған. Бұл туралы Tolo News сайты жазды.

Айта кетейік, жарылыс Ауғанстан астанасы Кабулдың шығыс бөлігінде болды. Онда коммерциялық емес ұйымдардың кеңселері, тұрғын үйлер мен шетелдік азаматтар жиі баратын демалыс орындары орналасқан.