Аймақтар • 15 Қаңтар, 2019

Петропавл жоғары медицина мектебінде шетелдік оқытушылар дәріс оқиды

1222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан  жоғары медицина мектебі ашылып, алғашқы түлектерді қабылдаған болатын.

Петропавл жоғары медицина мектебінде  шетелдік  оқытушылар дәріс оқиды

СҚМУ-нің проректоры  Ербол Исақаевтың айтуынша, мұнда медицина  интерндері мен бакалаврлар дайындалып,  өңірде жоғары білімді  мамандарға деген тапшылықты азайтуға мүмкіндік тудырылады. Бүгінгі күні  185 студент білім алса, олардың  74-і  тегін оқиды.  Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатымен биыл 148 миллион теңге қарастырылып отыр.

   «Студенттер қатарына Индия мен Грузияның да талапты жастары тартылған. Білім  сапасын халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін  АҚШ-тан, Қытайдан, Литвадан, Польшадан  8 оқытушы  арнайы шақыртылды. Болашақ дәрігерлер өндірістік тәжірибеден өту үшін жергілікті клиникалық мекемерлермен келісім-шарт жасалды», дейді жоғары медицина мектебінің директоры  Әсет  Ізденов.

Өмір ЕСҚАЛИ.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.