Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында Smart аялдама мен ақылды жаяу жүргіншілер жолы іске қосылады.

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

Өңірдегі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жұмыстар аяқталуға жақын. Қазір қала ішіндегі қоғамдық көлік тоқтайтын 10 орынға «ақылды» аялдама қойылды. Талдықорған қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің тапсырыс беруімен Smart аялдама құрылысын «Айбын» ЖШС жүргізіп жатыр. Өткен жылдың қазан айынан бері 10 аялдама толық жасақталып, қолданысқа берілсе, жақын күндері тағы да 10 «ақылды» аялдама есігін ашпақшы.

Бұл - еліміз бойынша қызу іске асып жатқан «Цифрландыру бағдарламасы» бойынша Жетісудың бас қаласында жасалған жұмыстың бір парасы ғана. Бұған дейін қала көшелерін бейнебақылауға көшіру жобасы жүзеге асқан болатын. Нәтижесінде қала қауіпсіздігін бейнеқұрылғылар арқылы қадағалау сәтімен жүзеге асты. Бүгінде облыс орталығындағы бейсауыт жүрісті қалт жібермейтін 669 камера жұмыс істеп тұр. Және аталған құрылығылардың барлығы Ішкі істер басқармасының жедел орталығына тікелей жалғанған, бұл тәртіп сақшыларының дабыл қабылдау мен жылдам әрекет ету мүмкіндігін еселеп арттырған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы