Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметтер бойынша Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынатын болды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда газбен жүретін  жаңа автобустар іске қосылады

Техникалық сипаттамасына тоқталатын болсақ,  автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері жолушылардың мініп-түсуіне қолайлы етіп жасалған. Ауа желдеткіші, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандустармен жабдықталуы тиіс әрі барлық техникалық талаптары  Евро-5 экологиялық стандартына сәйкес болуы шарт.

Өткен жылы қаладағы жолушы тасымалын жақсарту бағытында түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар қолданысқа енген. BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар іске қосылып, онда қоғамдық көліктің нөмірі, бағыты және аялдамаға келу уақыты жайлы ақпараттар жарияланып отырады.

Қазіргі кезде Желтоқсан - Төле би - ШАЖ - Құлжа трактімен 13,2 шақырымды құрайтын  жолдың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізушілер біліктілік Орталығында білімдерін жетілдіріп, автопарктер жүргізушілер үшін арнайы жұмыс киімдер даярлауда.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ