Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» әуе рейсі тоқтатылды деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

«Eurocopter EC 130 T2 тікұшағының апатқа ұшырау фактісіне байланысты тіркеу нөмірі UP-EC038 «Sky Service» АҚ авиокомпаниясы 2019 жылғы 18 қаңтардан бастап рейстерін уақытша тоқтатады», - делінген хабарламада.

 Ауа-райының қолайсыздығына байланысты комиссия авиакомпаниялар мен операторларға азаматтық авиациядағы жұмыс ережелерін сақтауды талап етті.

Айта кетейік, кеше сағат 16:05-те Алматы қаласы аумағында «Sky Service» әуекомпаниясына тиесілі «Еврокоптер-130» маркалы тікұшағы апатқа ұшырады. Мәлім болғандай, әуе кемесі шаһардың Наурызбай ауданына қарасты «Алатау» шипажайының ашық алаңқайына құлаған. Апат салдарынан әуе кемесінің 1968 жылы туған командирі Валентин Шитов оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем каретасында қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар