Спорт • 19 Қаңтар, 2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Михал Билек Чехословакияның Прага қаласында 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Бапкерлік қызметін чехиялық «Теплице» клубында бастады. Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика), «Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы - Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық «Фастав Злин» командасы болды.